Қауіп туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 3
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 17
Нақыл сөздер: 23
Әңгімелер: 4

Қауіп-қатерді дер кезінде сезіп қана жеңуге болады.
©  Фридрих Август фон Хайек
Төніп тұрған қауіп-қатерді сезіну үшін пайғамбар болу міндетті емес.
©  Фридрих Август фон Хайек
Адамға қауіп, тіпті, машиналар мен техникалық жабдықтардың зиянды қызметінен де келмеуі мүмкін. Нағыз қауіп адамға оның өз болмысынан шығып, таяп тұр.
©  Мартин Хайдеггер
Адам өмірі қауіп-қатерге толы. Бір ғажабы бүгінде сол қауіпқатердің дені адамның баласының өз қолымен жасалуда.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Кез-келген бұйрықтың астарында қауіп жатыр.
©  Элиас Канетти
Ұзақ жасаудың қаупі: не үшін өмір сүргеніңнің өзін ұмытып қалуың мүмкін.
©  Элиас Канетти
Жануарлар болмаса дүние қаншалықты қауіпті боларын көз алдыңа елестетудің өзі қиын.
©  Элиас Канетти
Жануарлар əрбір қауіп-қатерден жеке-жеке үркеді, ал ежелгі адамдар бүкіл əлем төндірген қауіп-қатердің қорқынышын көтере  алмай дірілдеген.
©  Освальд Шпенглер
Авторитарлық тəрбиелеудің ең зор қаупі – ол баланың бойына билік мұратын сіңіріп тастайды.
©  Альфред Адлер
Тіршілік қашанда бір түрлі тіл арқылы бізге мәлім ақиқатты ұсынады. Егер біз оны басқаша қабылдасақ, онда біздің өмір сүруіміз қауіпке ұшырайды. 
©  Артур Шопенгауэр
Қытай тілінде жазылған "дағдарыс" сөзі екі таңбадан тұрады: біреуі "қауіп", екіншісі "қолайлы мүмкіндік"дегенді білдіреді.
©  Джон Кеннеди
"Ең қауіпті у — ақпараттық"
©  Павел Дуров
"Табыс улы және көбінесе қауіпті иллюзиялардың себебі болып табылады".
©  Роберт Дауни
Ерлік дегеніміз - үрейді жирене жек көру. Ол бізге төнген қауіп-қатерлерді мансұқ етеді, оларды шайқасқа шақырып, күйретеді.
©  Сенека
Адал адамға барлық жерде өмір сүру қауіпті. 
©  Эпиктет
Өз мүмкіндігінен хабары аз адам, қауіпке ұрынуы мүмкін. 
©  Лао-цзы
Қарапайым болу өте қауіпті, егер сіз оған қоса сенгіш болсаңыз
 
©  Бернард Шоу
Жалған ілім надандықтан да қауіпті.
 
©  Бернард Шоу
Әрдайым достықты да, қастықты да сезіну керек. Керісінше, біріншісі қауіпті болып, екіншісі өршуі мүмкін. Ертең не болатынын ешкім білмейді.
©  Филип Честерфилд
Сақтық маңызды, бірақ жайбасарлық қауіпті.
©  Ричард Брэнсон
Қателесуде шындықтың үлесі болса, ол қауіп тудырады.
©  Адам Смит
Ұлы істерді ойланбастан жасау қажет. Себебі қауіп туралы ой сенің батылдығың мен жылдамдығыңды тежейді
©   Гай Юлий Цезарь
Өзіңді ақылды етіп көрсету, яғни, «Жасанды ақыл» — бүкіл адамзат үшін негізгі қауіптің бірі.
©  Илон Маск