Надандық туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 5
Өлеңдер: 5
Нақыл сөздер: 17
Әңгімелер: 2

Сізді көлеңкеге кім айдап апарды? Қараңғыда сізді кім қалдырды? Шындық мынада, біз өзімізді қараңғылықта, надандықтың қараңғы түнегінде өмір сүруге..
©  Нарша Булгакбаев
Проблема надандықта және білместікте. Ақиқатын білмей, туралықты табу мүмкін емес. 
©  Нарша Булгакбаев
Қылмыс атаулының түп төркіні надандықта жатыр.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Оқыдық көзіміз ашылды дегенмен әліге өзіміздің не істеп жүргенімізді білмейміз, нағыз надандық...бұл қандай мереке, қайдан шықты деп, бір сәт..
©  Нұрхалық Абдырақын
Тек бір ғана жақсылық бар ол - білім, тек бір ғана жамандық бар ол - надандық.
©  Сократ
Білімнің басты жауы-надандық емес, білімнің Елесі.
©  Стивен Хокинг
Ақымақты мақтасаң – қуанады.
 
©  Саиф Сараи
Наданның әдеті: жолдасынан сәл қала бастаса - сыртынан қанжар сұғуға әзір тұрады.
 
©  Саиф Сараи
Надандықтан білім іздеу емес, өзіне сенімділік көбірек туады. 
©  Чарльз Дарвин
Жалған ілім надандықтан да қауіпті.
 
©  Бернард Шоу
Паңдық, надандық, тәкапарлық, асқақтық не айтқызбайды. 
©  Ғабит Мүсірепов
Бiлiм алу надандыққа қарсы егiлген дәрi. 
©  Ян Амос Коменский
Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін.  
©  Олжас Сүлейменов
Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті арам адамға лайық іс.
©  Әл-Фараби
Надандық дегенiмiз ақылдың түнi: айсыз және жұлдызсыз түн.
©  Цицерон
Атымды адам қойған соң,
Қайтып надан болайын.
©  Абай Құнанбаев
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар - надандық, еріншектік, залымдық.
©  Абай Құнанбаев