Қорқу туралы Нақыл сөздер ✍️
Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 28
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 29
Нақыл сөздер: 27
Әңгімелер: 1
Тымырайып немесе мөлиіп отырған әйелден қорқу керек. Себебі ондай әйелден әйелдердің өздері де қорқады.
© Дүкен Мәсімханұлы
Тірі жан атаулыда әйел тек әйелден ғана қорқады, қорыққанда да ақылдысы мен сұлуынан.
© Теодор Драйзер
Қателіктен қорқудың өзі қателік.
Диктаторлар өзінің аудармашысы мен жеке тіс дәрігерінен қорқуы тиіс. Себебі осы екеуінің қателігі оны өлімге апаруы мүмкін.
© Уинстон Черчилль
Махаббаттан қорқу дегеніміз-өмірден қорқу, ал өмірден қорқатын адам төрттен үш бөлігі қайтыс болды.
© Бертран Рассел
Адам баласы шындықтан өлердей қорқып, өтірігінің ашылып қалуынан сақтанып жүрсе, бұдан артық бақытсыздық жоқ.
© Блез Паскаль
Әрқайсысымыз оқып бітіре алмаған бір туындылармыз. Басымыздан өткен қиыншылықтар тек қана бізге сабақ болу үшін беріледі. Қиыншылықтардан..
© Шәмс Тебризи
Жас кезде қателесуден қорықпалық. Қайта солардан сабақ алалық. Қартайғанша қателесумен өмір өткізуден сақтасын.
© Иоганн Вольфганг фон Гёте
...көркем кітап оқуға әуестігім азайып бара жатыр, сондықтан осының өзі менің жан дүниеме келген жамандықтың белгісі ме деп қорқам.
© Чарльз Дарвин
Қорқуды қойған дұрыс. Алайда қайсарлық пен ессіздікті шатастырып алмауыңыз керек.
© Роберт Де Ниро
Өміріңізде жол беруіңіз мүмкін ең үлкен қателік – қателік жасаймын деп әрдайым қорқу.
© Элберт Хаббард
Ашу қысса ақырасың,
Қайғы басса, аһ ұрасың,
Қорықсаң бас ұрасың,
Қуансаң шарқ ұрасың,
Ендi неңдi жасырасың?!
© Мағжан Жұмабаев
Қайғы басса, аһ ұрасың,
Қорықсаң бас ұрасың,
Қуансаң шарқ ұрасың,
Ендi неңдi жасырасың?!
Ешбiр iсте табыс «қателiк iстеу құқығынсыз» мүмкiн емес. Жалған нотадан қорқатын скрипкашы тыңдаушыларын баурап алмайтыны сияқты, айтылмайтынды айтып..
© Лев Толстой
Ешкiмнен және ештеңеден қорықпа. Өзiңдегi ең қымбатты нәрсе ешкiмнен де, ештеңеден де зардап шекпейдi.
© Лев Толстой
Бiлмеуден қорықпа, жалған бiлiмнен сақтан. Дүниедегi бар жамандық осыдан басталады.
© Лев Толстой
Өлімнен қорқуға болмайды. Еңбекке қабілеттіліктен айырылудан қорқу керек.
© Бауыржан Момышұлы