Ақымақтық туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 5
Өлеңдер: 2
Нақыл сөздер: 26

Данышпанның ақымақтықты ақтап алғанынан гөрі ақымақтың данышпанды жұрт алдында бар абыройынан жұрдай етуі əлдеқайда жеңілірек.
©  Лев Шестов
Көп ақымақтықтарға жол беріп алғанымызды мойындамай тұрып, бізге ақыл кірмейді.
©  Фридрих Август фон Хайек
Орта ғасырларда ақымақтық күнделікті тіршіліктің бір бөлігі саналатын.
©  Поль-Мишель Фуко
Ақымақтық – күлпаршасы шыққан мəнділік.
©  Поль-Мишель Фуко
Үлкен ақымақтықтарымыздың өзі даналық болып шығуы ғажап емес.
©  Людвиг Витгенштейн
Егер адам баласы ешқашан ешқандай ақымақтық жасамайтын болса – ақылды да ештеңе дүниеге келе қоймас еді.
©  Людвиг Витгенштейн
Адам өз бойына бүкіл ата-бабасының ақыл-ой даналығын жинап жүрсе де ақымақтығынан арыла алған емес.
©  Элиас Канетти
Жыныс қатынасын өзіне-өзі көңіл толмаушылық немесе өзін біреуден артық санау сияқты дертті көңіл қажетіне пайдалану – барып тұрған ақымақтық жəне..
©  Альфред Адлер
Ақымақтық – жануарға тəн белгі емес. Жануар «ақымақ» болудан ерекше қорғалған.
©  Жиль Делез
Əлдебір мақсаттан – ақымақтықпен немесе терең ойламағандықтан ғана одан гөрі тəуірлеу мақсат таппай тұрып, бас тартуға болады.
©  Жорж Батай
Ақымақтықта əлдебір тектілік бар.
©  Роберт Вальзер
Ақымақтық аярлықпен көрші тұрады.
©  Роберт Вальзер
Адамның ақымақтығы өз денсаулығына әлдебір сыртқы нәрселерді айырбастап алуы. 
©  Артур Шопенгауэр
Адамдар тағдыр деп жүрген нәрсе, шын мәнiнде, олар жасаған ақымақтықтардың жиынтығы ғана. 
©  Артур Шопенгауэр
Махаббат үлкен ауру, тәтті азап, десе де, ол ақымақтық, сезімдік таным. Шын махаббат адам балалы болып, тән қажеті басылып, ақылдық танымға өткенде..
©  Нұрхалық Абдырақын
Құдайлардан адамның өзіне жеткізе алатындығын сұрауы ақымақтық.
©  Эпикур
Әрқашан басқалардан ақылдырақ болу тiлегiнен өткен ақымақтық жоқ. 
©  Франсуа де Ларошфуко
Наданның әдеті: жолдасынан сәл қала бастаса - сыртынан қанжар сұғуға әзір тұрады.
 
©  Саиф Сараи
Адам ақымақтық жасаудан қорықпаса, демек ол әлі жас адам 
©  Петр Капица
Ақымақтық пен даналық жұқпалы дерт сияқты тез сіңеді. Сондықтан жолдасты көзіңді ашып таңда. 
©  Уильям Шекспир
Көп адам даналықтан гөрі ақымақтықты таңдайды. Себебі, ақымақтық күлдіреді, даналық жылатады. 
©  Уильям Шекспир
“Дүниеде екі нәрсе шексіз: бірі — ғалам, екіншісі — адамның ақымақтығы. Бірақ біріншісіне күмәнім бар” 
©  Альберт Эйнштейн
Өзіне шексіз риза болу — ақымақтық. 
©  Ги де Мопассан
Өзін сыйламайтын адам – бақытсыз, алайда өзіне толықтай көңілі толатын адам – нағыз ақымақтың өзі. 
©  Ги де Мопассан
Ақымақтық пен атаққұмарлық – айырылмас достар.
©  Пьер де Бомарше