Даналық туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 9
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 12
Нақыл сөздер: 27
Әңгімелер: 1
Поэмалар: 1
Аңыздар: 1

Әрдайым есте сақтаңыз, сіздің бейсанаңыз өзінің қайнар көзі – «Әмбебап (жалпыға ортақ ақиқат) Ақылдың» даналығына ашық болуы керек. Осы даналыққа..
©  Нарша Булгакбаев
Оригинал бол, өзің бол — бұл бір ақылдысымақтың ахинеясы. Дичьпен басты қатырмай даналық ізде деп айтқан еді ұстазым, өмірде бәрі галиматья деп...
©  Нарша Булгакбаев
«Бұл оқиғада сіздің өміріңізді өзгертуге ықпал ететін даналық пен күш бар».
©  Даниэль Аминати
Көкірегіңе даналықтың ұрығын сепсең, жемісін ұрпағың жейді.
©  Жәди Шәкенұлы
Даналық – сүрең, ал өмір мен дін – көп бояулы.
©  Людвиг Витгенштейн
Адам өз бойына бүкіл ата-бабасының ақыл-ой даналығын жинап жүрсе де ақымақтығынан арыла алған емес.
©  Элиас Канетти
Ақындық даналық дегеніміз – қатып қалған зат біткеннің бəрінің өзін-өзі аласапыран айғаймен күл-талқан етуін құдайдың ісіне айналдыру. Бұдан ғаламат..
©  Жорж Батай
Несие-бұл ақшамен көрсетілген шыдамсыздық.Дағдарыс-бұл ақшамен көрсетілген қайта бағалау.Үнемдеу-бұл ақшамен көрсетілген даналық.
©  Марғұлан Сейсембай
Жақсылық дегенiмiз даналық пен бiлiм.
©  Сократ
       Халқымызда «Өнерді үйрен де, жирен!» деген даналық сөз бар. Оның мағынасы өнерді үйрене сала..
©  Әбдінағым Көшер
Адам ақылды нәрсе емес. Оның даналығы өзін қоршаған нәрсеге ғана қаратылады. 
©  Гераклит
Егер сіз өзіңізді тастап, шынайы өмірге кірсеңіз, даналық сізге тұжырымдамаларға жол ашады.
©  Фәридуддин Аттар
Әрқашан аздап аш болу-даналықтың кілті, қанықтыру - ұйқышылдықтың себебі.
©  Фәридуддин Аттар
Болмыс даналығы үнемдi: ондағы бар жаңа ескiден тiгiледi.
 
©  Бернард Шоу
Ақымақтық пен даналық жұқпалы дерт сияқты тез сіңеді. Сондықтан жолдасты көзіңді ашып таңда. 
©  Уильям Шекспир
Көп адам даналықтан гөрі ақымақтықты таңдайды. Себебі, ақымақтық күлдіреді, даналық жылатады. 
©  Уильям Шекспир
Даналықты үйрену - адамды мықты, әрі жанын жомарт етеді. 
©  Ян Амос Коменский
Өзіңді танығың келсе, адамдарға, олардың ісіне қара.
©  Фридрих Шиллер
Мәселеге қарсы көзқарастың тұрғысынан қарай бiл — нағыз даналық осында.
©  Дмитрий Менделеев
Баланың балалығын тыйдым дегенше ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз.
©  Жан-Жак Руссо
Даналық - ғылымның бастауы.
©  Цицерон
Даналыққа үйренiп қою жеткiлiксiз, оны пайдалана бiлу керек.
©  Цицерон
Менiңше, бiрге жиналған кезде ең ұлы адамдар да топастанып қалады және данышпандар көп болған жерде даналық та аз болады.
©  Шарль Луи Монтескье
Таңсәріде оянған дұрыс, себебі бұл әдет мықты денсаулыққа, байлық пен даналыққа жетелейді.
©  Аристотель
Өзiнiң ақымақтығын жасыра бiлетiн адам, өзiнiң даналығын көрсеткiсi келетiн кiсiден артық.
©  Лев Толстой