![]() |
|
![]() |
Ұстаз туралы Нақыл сөздер ✍️
Мақал-мәтелдер: 18
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 17
Өлеңдер: 114
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 47
Құттықтау, тілектер: 18
Туындылар: 3
Әңгімелер: 50
Шығармалар: 9
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 1
Эсселер: 29
«Мұғалім — мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша..
— Ян Амос Коменский
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы
— Ғафу Қайырбеков
Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi үшiн күймесе, шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе.
— Жүсіпбек Аймауытов
Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат, ұстазға құрмет көрсетуді еш уақытта ұмытпа.
— Нұрхалық Абдырақын
Екі жасар баланы да ұстаз тұт, үйренетінің бар шығар, жақсылап зер сал.
— Нұрхалық Абдырақын
Мұғалім - зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.
— Константин Ушинский
Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі
— Константин Ушинский
Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
— Константин Ушинский
Оқыту — тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады.
— Константин Ушинский
Өнерде шәкірттік сезімін жоғалтқан адам ұстаз бола алмайды.
— Әбіш Кекілбаев
Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім