Дін туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 10
Жұмбақтар: 10
Өлеңдер: 48
Нақыл сөздер: 38
Туындылар: 2
Әңгімелер: 6
Шығармалар: 4

Оригинал бол, өзің бол — бұл бір ақылдысымақтың ахинеясы. Дичьпен басты қатырмай даналық ізде деп айтқан еді ұстазым, өмірде бәрі галиматья деп...
©  Нарша Булгакбаев
Қытай діні үшін уақыт дегеніміз – бір нəрсені бірнеше мəрте шексіз қайталау.
©  Александр Лосев
Əр кеудеде – бір дін отырады.
©  Освальд Шпенглер
Жоғары мəдениеттер діні – артық дамыған діндер емес, тек басқа діндер ғана. Қарапайым діндер бұлт пен жел тəрізді отан дегеннің не екенін білмейді.
©  Освальд Шпенглер
Діндегі негізгі сезімдер – өшпенділік пен сүйіспеншілік емес,  қорқыныш пен сүйіспеншілік
©  Освальд Шпенглер
Алдында дін болмағанда жаратылыстану да болмаған болар еді.
©  Освальд Шпенглер
Кез-келген дін жарыққа жақын тұрады.
©  Освальд Шпенглер
Шын достар – бір-бірін артық сөзсіз-ақ түсінеді, шынайы дін – мүлдем сөз шығарып əуре болмайды: үндемейді.
©  Освальд Шпенглер
Атеистік ғылымның да өз діні бар.
©  Освальд Шпенглер
«Бір кезде жер бетінде жұмақ орнаған заман болған екен» деген ойды барлық діннен кездестіруге болады.
©  Альфред Адлер
Діні басқаның – тілі басқа.
©  Сақып Керелбаев
Тілі бірдің – діні бір,Діні бірдің – ділі бір.
©  Сақып Керелбаев
Елбасының басын сыйламасаң да, тағын сыйла,Дін басының өзіне сенбесең де, дініне сен. 
©  Сайын Назарбекұлы
Дін мен ғылым – толық таным актісінің өзара тығыз байланысты екі жағы.
©  Пьер Тейяр де Шарден
Дініміз үшін де біз дүниеауи мақсаттарға құлшына еңбек ете аламыз жəне солай етуге тиістіміз де.
©  Пьер Тейяр де Шарден
Өтіріксіз – дін де, поэзия да жоқ.
©  Жорж Батай
Діннен поэзияда жоқ ештеңе де таба алмаймыз.
©  Жорж Батай
"Біздің дініміз-теңсіздік діні.“
©  Арнольд Мэтью
Дін серпінді болған кезде және Құдай Заңының Үстемдігі мойындалған кезде Бостандық өркендейді.
©  Рональд Рейган
Екі дін ұстанған адам мүшрик болады, бізде көп дін ұстанатындар жетеді. Әр діннің өз нәпсісіне ұнайтынын жұлып-жұлып алып қолданып жүр... Оны не..
©  Нұрхалық Абдырақын
Адамдар шайтан жоқ деген кезде діннен шығып кетеді.
©  Нұрхалық Абдырақын
Патшаға бойсұн, басшыңды тыңда ол уәжіп. Дініңе зиян бермесе болды олар жақсы.
©  Нұрхалық Абдырақын
Ислам - кемшілігі жоқ, таза, кемел дін. Ал мұсылман соны ұстануға тырысушы, ұмтылушы ғана.
©  Айдар Шәрібаев
 Дін бұзарлыққа берілген, дінді теріс пайдаланған адам – сол ниетінен әбден қайтып, арылмайынша, Алла оның тәубесін қабыл қылмайды.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Жалпы түгел тәуекелге мінбей тұрып, жалқы ештеңе бітіре алмайды. Қарапайым ел деген болмайды. Жеріне, суына, тіліне, дініне, тарихына, тағдырына ие..
©  Әбіш Кекілбаев