Кісі туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 84
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 35
Жаңылтпаштар: 5
Нақыл сөздер: 16
Әңгімелер: 11
Ертегілер: 4
Анекдот, әзілдер: 3

Соғыста кісі өледі. Көп кісі өледі. Жеңімпаз деген – ең көп дұшпан өлтіргендер.
©  Элиас Канетти
Əр қимылын сырттан басқа біреу жоспарлап отыратын кісіні көз алдыңызға елестетіп көріңізші: оның ойы да қалғып жатады.
©  Альфред Адлер
Кісіден жиренбе, ісінен жирен,Түсінен торықпа, ісінен торық. 
©  Сайын Назарбекұлы
Бет қайтара білмеген кісінің терең лəззат алуы да мүмкін емес.
©  Роберт Вальзер
Жақсы кісі бейшаралық халын елге жая бермейді.
©  Нұрхалық Абдырақын
Кісінің аманатынан уақытында құтыл. Еңбегіңе (ақыңа) қиянат жасаған адамға – сен қиянат жасама.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
 Екі кісі – бір кісіден жақсы, үш кісі – екі кісіден жақсы, төрт кісі – үш кісіден жақсы; көпшілікпен бірге болғандарды Алла тура жолға бастайды.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Ақылды кісілердің бақытты болғаны өте сирек. 
©  Эрнест Хемингуэй
Сыпайылық кiшiлiктен ғана емес, кiсiлiктен де туады. 
©  Дінмұхамед Қонаев
Бейтаныс кісі бітеу жаңғақ.
Бүгінгі дос ертең жау.
©  Абай Құнанбаев
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.
©  Мұхтар Әуезов
Кісінің бір ғайыбын маған айтқан адам – менің жүз ғайыбымды кісіге айтар.
©  Мұхтар Әуезов
Алтыны бар кісі айқайламайды.
©  Саади Ширази
Ел шауып кісі өлтірген боп па батыр.
©  Міржақып Дулатұлы
Кісі - өлер, сөз - қалар.
©  Жүсіп Баласағұни
Өзiнiң ақымақтығын жасыра бiлетiн адам, өзiнiң даналығын көрсеткiсi келетiн кiсiден артық.
©  Лев Толстой