Ақындық туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 25
Нақыл сөздер: 11
Әңгімелер: 2
Шығармалар: 1

Ақындық қиялың ортайса табиғатпен - ұлы Жаратылыспен сырлас.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Ақындық дегеніміз – əдеттегінің ерекшеде еріп барып, сол ерітіндінің ішінде бізді ерітетін бөлшегі.
©  Жорж Батай
Ақындық даналық дегеніміз – қатып қалған зат біткеннің бəрінің өзін-өзі аласапыран айғаймен күл-талқан етуін құдайдың ісіне айналдыру. Бұдан ғаламат..
©  Жорж Батай
Жамбыл жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті.Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі.
©  Сәбит Мұқанов
 Ең жақсы нәрсе – ақындыққа ғашық болу, ең жаман нәрсе – ақынға ғашық болу.
©  Аслан Қаженов
«Шын мәнінде ақындық әйелден бастау алған. Сезім, махаббат, өнер сияқты адами қасиеттер о баста әйелден пайда болды. Нақты дәлел ретінде «Бесік..
©  Тұрсынай Оразбаева
Ақындық – адамның бойына табиғат сыйлаған қасиет. Ақындық – менің туа біткен талантым деп ойлаймын.
©  Ханбибі Есенқарақызы
Ақындық қасиет – бір Алладан. Оны дамыту-дамытпау адамына байланысты. Шын ақын бойына дарыған қасиетін халқына қайтып беруге міндетті.
©  Ханбибі Есенқарақызы
Ақындық – Алла тағаланың тартқан сыйы, табиғаттың берген ерекшелігі.
©  Ханбибі Есенқарақызы
Ақындық, өлең дегеннің өзі — сондай пәкиза, таза дүние. Оған ақша араласса құриды. 
©  Есенғали Раушанов
Жұмбақ - сөз образының кілті,
Ақындықтың ұрық-дәні.
©  Мұхтар Әуезов