Стендаль Фредерик

Стендаль (Stendhal) Фредерик, Анри Мари Бейль (фр. Marie-Henri Beyle; 23 қаңтар 1783, Гренобль — 23 наурыз 1842, Париж) – француз жазушысы. 1800 – 14 жылы әскери қызмет атқарып, Наполеон әскері құрамында Берлин, Вена, Мәскеу шабуылдарына қатысты. 1814 – 21 жылы Италияда, кейін Францияда тұрды. 1830 жылдан өмірінің соңына дейін Италияда елші қызметін атқарды. Стендаль алғашқы туындыларын бүркеншік атпен 1814 жылдан жариялай бастады. “Стендаль” есімін тұңғыш рет “Рим, Неаполь, Флоренция” (1817) атты еңбегінде қолданды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: