Мектеп туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 9
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 135
Өлеңдер: 96
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 34
Құттықтау, тілектер: 53
Туындылар: 1
Әңгімелер: 65
Ертегілер: 3
Шығармалар: 14
Анекдот, әзілдер: 12
Аңыздар: 1
Эсселер: 15

Мектепте оқушы мұғалім берген тапсырмаларды қайталау арқылы есте сақтайды. Ал өмір сабағында есте қалар жәйттер аз емес. Ешкім ешқандай тапсырма..
©  Әкім Ысқақ
Қанша ғылыми мектеп болса сонша ғылыми пікір бар.
©  Макс Шелер
Парасатты патшаның тұсында ғана мектеп Меккедей құрметке ие болмақ.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Мектептің, білім саласының қамын ойламаған басшыны – толыққанды адам деудің өзі артық.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Менің түсінігімде мектеп, мешіт, медресе - адам тәрбиесіндегі ұлы мекендер.
©  Нұрлан имам Байжігітұлы
Мен мектепте оқып жүргенде, жек көретін екі жазушым болды. Абай және Лев Толстой. Өйткені, дым түсінбедім. Толстойдың “Соғыс және бейбітшілігін”..
©  Асқар Жұмаділдаев
Маған бәрінен де жақсы мұғалім артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі
©  Ыбырай Алтынсарин
Басында аздап қиын болды, өйткені мен орыс тілін жақсы Білмедім. Қазір баяу оқып жатырмын. Маған Мәскеуде, тыныш қала ұнайды. Мен екі мектепте –..
©  Ержан Максим
Мектеп қысқа көйлек, жалтыр санды адамдардың ортасына айналды. Мектеп бірітушілер таң атқанша даңғаза музикада жұлқынады...
©  Нұрхалық Абдырақын
Жылда өзгертуді қажет етпейтін пәндерді жылда қайта жаза береміз, балалардың тапсырмасын, ата-анасы зорға орындайды.
©  Нұрхалық Абдырақын
Мектепте хиджаб тыйым салу - Конституцияға қайшы!
©  Бекболат Тілеухан
Мен Қазақстан азаматымын, қазақ тілін білемін — қазақ мектебін бітірдім.
©  АСҚАР ІЛИЯСОВ
Мектептің білім берумен еш байланысы жоқ. Ол балалардың қарым-қатынас жасауын бақылайтын институт.
©  Уинстон Черчилль
Мектептер сенімді жұмысшыларды дайындайды, жұмыс берушілерді емес.
©  Роберт Кийосаки
Жасында ұлт мектебінде дұрыстап оқыған адам ана тілінің заңын ұмытпайды, бөтен тілдің сөздерін ана тілінің заңымен айтамын деп шатасады. 
©  Халел Досмұхамедұлы
Әдебиет тілінің қаруы — баспа мен мектеп. Баспа мен мектеп деген – адам шошынарлық өте қайратты қару. Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында..
©  Халел Досмұхамедұлы
Есіңде ме, сен жас кезіңде уақыт тез өткенше асығар едің. Мектепте сабақ қашан аяқталар деп аптығатын едің. Жас кезінде баланың бәрі уақыттың тез..
©  Әбдінағым Көшер
Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі. 
©  Ыбырай Алтынсарин
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. 
©  Ыбырай Алтынсарин
Мектеп қабілетсіздік пен жалқаулықтың ұясына айналмауы тиіс. 
©  Ыбырай Алтынсарин
Ең жақсы мектеп - өмір мектебі.
 
©  Иоганн Вольфганг фон Гёте
Қоғам неғұрлым танылған сайын, тек өзінің болашағына жақсы ықпал ететін дәстүрлерді ғана сақтап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа берудегі жауапкершілігін..
©  Джон Дьюи
Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы