Сөз құдіреті туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 25

Оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес.
Ақ сөз ащы болады.
Тіл атағыңды өсірер де өшірер.
Тіл қоса алар жер мен көктің арасын,Тіл айырар анасынан баласын.
Тілден тілдің кеңдігі болғанымен, кемдігі жоқ.
Тізеңнен сүрінсең де, тіліңнен сүрінбе.
Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.
Тіл сүйексіз болса да, өзі сүйектен өтеді.
Адамға келген он бәленің тоғызы - тілден.
Малдан малдың несі артық - бір асым еті артық,Ерден ердің несі артық - бір ауыз әділ сөзі артық.
Тіл буынсыз, ой түпсіз.
Тіл - тіршілік тірегі.
Сөзді сөзбен ұста, қашағанды құрықпен ұста.
Су төркіні - әуіз, сөз төркіні - ауыз.
Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады.
Жақсының сөзі ақыл шақырады,жаманның сөзі ашу шақырады.
Жақсы сөз жараны да жазады.
Жақсы сөзге жан семіреді, жаман сөзге жан түршігеді.
Әсері жоқ сөз - өлі сөз.
Адамды адам еткен ой мен сөз.
Ат айналып иесін табар, сөз айналып жүйесін табар.
Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады.
©  Бауыржан Момышұлы
Жол қуған кәдеге жолығады, сөз қуған бәлеге жолығады.
Алмас қылыш майданда серік,асыл сөз майданда да, сайранда да серік.
Дүниеде сөзден көне, сөзден берік ескерткіш жоқ.