Ар туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 61
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 95
Нақыл сөздер: 44
Туындылар: 1
Әңгімелер: 19
Поэмалар: 1
Шығармалар: 1

Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,Өлген артық дүниені былғағаннан. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Арлы, ақылды адам қиянат, зорлық жасамайды, өзімшілдік пен мақтанды сүймейді. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Білім беру саласында "ар білімі" деген білім оқытылуға тиіс деп ойлаймын. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ар қарызы
Қызметтен қайтқан Жетісудың 719 жігіті Ғалихан атына медресе я стипендия ашылсын деп 2 мың сом «Қазақ» басқармасына тапсырғаны..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Адам ұят, ар, мейірім, әділдік, алдамау деген қасиеттерінен айырыла бастағалы екінші ғасыр. Оның орнына жауыздық, ашқарақтық, озбырлық, опасыздық..
©  Ғабит Мүсірепов
Ұждандыны мақтайды тамам адам...
Ұждандыны мақтайды тамам адам,Мейлi ғалым болса да, мейлi надан.Ар, нысаппен iс қылып, азап тартып,Ақ жолында өледi бiрталай жан.Разы қылам дейтұғын..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Мал жимақ
Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.Арың сатпа, терің сат, алалды ізде,Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи.
Ерінбесең..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Өлімге берер жаным бар – пендеге берер арым жоқ.
 
©  Асқар Сүлейменов
Әбдірахман өлгенде
Тұла бойың ұят-ар едің,Ескеріп істеп, ойлаған.Тәуекелге нар едің,Талаппен терең бойлаған.Ерлікке де бар едің,Үйренуге тоймаған.Жасқа жас, ойға кәрі..
©  Абай Құнанбаев
Жас өспірім замандас қапа қылды
Жас өспірім замандас қапа қылды,Сабыр, ар жоқ, аял жоқ, ілді-жұлды,Тұрлау қылып еш нәрсе басқара алмай,Сенімі жоқ серменде өңкей жынды.Жамандық..
©  Абай Құнанбаев
Пайда ойлама, ар ойла
Пайда ойлама, ар ойла,Талап қыл артық білуге.Артық ғылым кітапта,Ерінбей оқып көруге.Военный қызмет іздеме,Оқалы киім киюге.Бос мақтанға..
©  Абай Құнанбаев
Сабырсыз, арсыз, еріншек
Сабырсыз, арсыз, еріншек,Көрсе қызар, жалмауыз,Сорлы қазақ сол үшінАлты бақан алауыз.Өзін-өзі күндейді,Жақынын жалған міндейді,Ол – арсыздық..
©  Абай Құнанбаев
Уайымсыз салғырттық деген нәрсе бар, ол Алланың, халықтың, дәулеттiң, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бiрi бар жерде бiрi болмайды.
©  Абай Құнанбаев
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас,
Сұм нәпсiң үйiр болса,тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай iстен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.
©  Абай Құнанбаев
Арлану ақылдының ісі.
©  Абай Құнанбаев
Арсыз болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда.
©  Абай Құнанбаев
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер.
©  Абай Құнанбаев
Пайда ойлама, ар ойла
©  Абай Құнанбаев
Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза.
©  Мұхтар Әуезов
Жалған намыс қасиет емес, ар сақтаған қасиет.
©  Мұхтар Әуезов
Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма?! Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс.
©  Міржақып Дулатұлы
Егер қатты және тәтті ұйықтағыңыз келсе, өзіңізбен бірге төсекке таза арыңызды алып жатыңыз.
Жеңілістің өзінен де ұяты жаман.
©  Тоныкөк
Досыңның арына тигені - өзіңнің арыңа тигені.
©  Тоқсары
Бизнесте қатал немесе аз сөзді болғанша батыл, тіпті арсыз болған ұтымды.
©  Дональд Трамп