![]() |
|
![]() |
Дұшпан туралы Нақыл сөздер ✍️
Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 56
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 54
Нақыл сөздер: 32
Әңгімелер: 4
Ұмыту — кек алудың тәуiр түрi, ол дұшпаныңның қимылы түкке арзымайтынын дәлелдейдi.
— Бальтасар Грасиан
Достың, жақынның жанында кіші, дұшпанның жанында үлкен бол.
— Нұрхалық Абдырақын
Сенің дұшпандарың бар ма? Жақсы, демек өміріңде қандай да бір пікіріңді қорғап қалған екенсің.
— Уинстон Черчилль
Жағаңа дұшпан қолы тимеске — артыңда туысқанның көбі игі.
— Шалкиіз Тіленшіұлы
Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.
— Шалкиіз Тіленшіұлы
Түрік халқы — батыр халық. Түрік халқы — арыстан ер халық. Кімнен таяқ жегендей біздің түріктің баласы, алдырып жүрген дұшманға ауызының..
— Мұстафа Шоқай
Ер жігітке бақ қонса — дұшпаны да жағалар,Басынан бір күн бақ тайса — жабылып бәрі табылар.
— Тоқсан би Жабайұлы
Өткел өтсең бұрын өт, арты болар көк тайғақ.Жауға шапсаң көппен шап, дұшпаныңа ол да айбат.
— Тоқсан би Жабайұлы
Дос - зынданда жатқанда керек,Дастархан үстінде - дұшпан да дос.
— Саиф Сараи
Балаға дұшпандықты көрсетсе, ол төбелесуді үйренеді.
— Мария Монтессори
Адам әзіз айтар деп — көңіліңді салмағын,Нәпсі алдаушы дұшпанның өсиетін алмағын.
— Асан қайғы
Екі жақсы дос болмас — сірне үстінде xаты бар,Ежелгі дұшпан ел болмас — көңілінде кір, даты бар.
— Бұқар жырау
Достарыңызбен қарым-қатынаста болған - күшті, ал дұшпандарыңызбен араласу – пайдалы.