![]() |
|
![]() |
Өлім туралы Нақыл сөздер ✍️
Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 109
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 225
Нақыл сөздер: 67
Туындылар: 1
Әңгімелер: 29
Поэмалар: 3
Аңыздар: 4
Эсселер: 1
«Құдай – адамның бойында жан тапсыруы керек» – масқараның көкесі осы! Адам үшін өлімге пара-пар шектен шыққандық осында жатыр!
— Жорж Батай
...Тірлігімде сыйласпаған ағайын, Мен өлгенде жыласаң – Құм құйылсын көзіңе!!!
— Махамбет Өтемісұлы
Өлімнен емес, өмірді зая өткізуден қорқу керек.
— Бертольд Брехт
Елден оңашалан күніне он минут, үнсіз отыр...Жаратушыны ойла....өлімді ойла...
— Нұрхалық Абдырақын
Өлім ғайыптың басы. Резеткаға қолыңды тықсаң токтің барын шын сезесің, дәл сол сияқты...сол сәтте адам сезеді дейді ғалымдар.
— Нұрхалық Абдырақын
Алдында жатқан көлденең,Нәпсісін жеңген батырмын.Өлімге барар жолменен,Өмірде жүріп жатырмын!
— Арман Бердалин
Қанша өмір сүрсең де, бәрібір өлесің!
— Абдуғаппар Сманов
Менің жалғыз арманым Зәкең (Заманбек Нұрқаділов) өлімінің шындығын білу
— Мақпал Жүнісова
Диктаторлар өзінің аудармашысы мен жеке тіс дәрігерінен қорқуы тиіс. Себебі осы екеуінің қателігі оны өлімге апаруы мүмкін.
— Уинстон Черчилль
Өлімнен басқаның бәрін өткізуге болады, жақсы атақтан басқаның бәріне шыдауға болады.