![]() |
|
![]() |
Намыс туралы Нақыл сөздер ✍️
Мақал-мәтелдер: 23
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 42
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 21
Әңгімелер: 2
Шығармалар: 2
Өзендегі өлшеулі жай ағыстар,Қарияға қарасаң аяныш бар.Намыстанба жүре алмай қалса олар,Кезің келер,сенің де таяқ ұстар.
— Нұржан Төлендиев
Құқық қорғаушылар ар ілімімен суарылған, ұжданы мықты, ұят-намыс, обал-сауапты білетін, Алладан қорқатын, басшыға бағынатын, өз ісіне жетік, кемел..
— Нұрхалық Абдырақын
Ұлт намысы үшін соғылған соққы қарсыласқа қатты тиеді,себебі ол соққыда намыс бар.
— Қанат Ислам
Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік..
— Нұрсұлтан Назарбаев
Мінезі жаман адамға — енді қайтып жуыспа,Тәуір көрер адаммен — жалған намыс қуыспа.
— Асан қайғы
Намыссыз адам бейшара. Намыс – жерді орнынан қозғауға болатын Архимед сүймені.
— Иван Тургенев
Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма?! Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс.
— Міржақып Дулатұлы
Неғұрлым аз жәбір көріп өскен бала өз намысын жақсы түсінген азамат болып өседі.
— Николай Чернышевский
Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы.