Дәулет туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 21
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 26
Нақыл сөздер: 17
Туындылар: 1
Ертегілер: 1

Ердің көркі - дәулет.
©  Ақан Сері
Жақсыға бітсе дәулет бақ айналар,Жаманға бітсе дәулет әуе айналар.Басына ер жігіттің іс түскенде,Арасы қас пе достың абайланар.
©  Ақан Сері
Жақсыға бiтсе дәулет бақ айналар,Жаманға бiтсе дәулет әуейiленер.
©  Ақан Сері
Дәулетiң барда досың толып жатыр,Тауық көп тары, бидай шашқан жерде.
©  Ақан Сері
Пасыққа дәулет бітпес.
©  Қорқыт ата
Дәулетті ұл – ошақтың қоры,Дәулетсіз ұл – атаның соры.
©  Қорқыт ата
Дәулет те біреуден көшіп, біреуге қона береді. 
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Бақ пенен дәулет тең келсе, адамның толар кемелі. 
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Бақ пен дәулет тең келсе, адамның толар кемелі. 
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да..
©  Нұрсұлтан Назарбаев
Білім - ердің дәулеті.
 
©  Саиф Сараи
Қу таяқты кедейге дәулет бітпес демеңіз. 
©  Бұқар жырау
Қызда қылық болмаса,Құр шырайдан не пайда.Ерге дәулет бітпесе,Шүлдіреген қызыл тілден не пайда. 
©  Бұқар жырау
Құрсағы құшақ байлардан дәулет. 
©  Бұқар жырау
Инабат — ердің азығыБақыт пенен дәулеттіңҰстайтұғын қазығы. 
©  Әбубәкір Кердері
Уайымсыз салғырттық деген нәрсе бар, ол Алланың, халықтың, дәулеттiң, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бiрi бар жерде бiрi болмайды.
©  Абай Құнанбаев
Еңбек қылмай тапқан мал, дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.
©  Абай Құнанбаев