Әділдік туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 14
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 18
Нақыл сөздер: 41
Әңгімелер: 4
Аңыздар: 2

Талпынатын арман-мақсатыңыз бекер, егер де ниет – Ізгі, Әділ, Адал, болмаса. Сіз нені қаласаңыз, соның салдарын көресіз. Сондықтан болымсыз бір..
©  Нарша Булгакбаев
Адамзат қазір екіге бөлініп алған сияқты – біреулері тек дүние қуып жүр, ал біреулері тек ақыретті қуып жүр. Ал кейбір адамдар екеуін де қатар ұстап..
©  Нарша Булгакбаев
Әділдік бар жерде татулық та бар татулық бар жерде бақытта бар 
Әділдік-билеушілердің ұраны.
©  Әмiр Темiр
Мөлшерден тыс көп берiлген дәрi емдеп жазбайтыны сияқты, әдiлдiк шеңберiнен шығып кеткен мiнеп-сынау да өз мақсатына жетпейдi. 
©  Артур Шопенгауэр
 Әділдік жоқ өмірде әділетсіз боп көріну өте қиын.
©  Аслан Қаженов
Өмір әділ емес екеніне үйренетін уақыт келді Бірінші рет ештеңе жұмыс істемейді, ойыннан жеңімпаз ретінде кетер алдында көптеген сәтсіздіктерден..
©  Билл Гейтс
Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ. 
©  Әбіш Кекілбаев
Әділдік келгенше қайыр кете тұрады.
©  Иүгінеки Ахмед
Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды.
©  Әлихан Бөкейханов
Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт.
©  Әлихан Бөкейханов
Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды, байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар - қысты күні..
©  Әлихан Бөкейханов
Жұртқа әділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тындаған, билігін орнына жұмсайтын, арам жемейтін, іс білетін, ел мүддесін ашық қорғай алатын болыс..
©  Әлихан Бөкейханов
Шағырмақ бұлт - жай тастар, әділ жігіт - ел бастар. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Шала қазақ қанды ішіп біттіңдер,Тым еркінсіп, тіл түбіне жеттіңдер.Орысша сөйлеп, қағынардай соншалық-Орыстардан қандай құрмет күттіңдер. 
©  Белгісіз
Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма. 
©  Ыбырай Алтынсарин
Әділ биі болмаса - бірлігі кеткен ел ғаріп,Қадірін елі білмесе - қайратты туған ер ғаріп. 
©  Қазақтың би-шешендері
Әділ би әділдігін айтар - сары табақтан сарқыт қайтар. 
©  Қазақтың би-шешендері
Әділ деп соны айтыңыз - тураны қыйсық бұрмаса. 
©  Қазақтың би-шешендері
Ізгілік пен әділдік өлмейді.
 
©  Саиф Сараи
Баламен шынайы болған жағдайда, ол әділдікке үйренеді. 
©  Мария Монтессори
Әділдіктің белгісі - біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі - өткен істі қумаса. 
©  Асан қайғы
Әділ айтсам — Аллам дос, әзіл айтсам — шайтан хош. 
©  Қашаған Күржіманұлы
Әділ сөйлеп, адал жүр. 
©  Қожа Ахмет Яссауи
Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,Патшалардың әділдік міндеті жоқ,Бұл не деген заман болды, достар?! 
©  Қожа Ахмет Яссауи