Қиянат туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 1
Өлеңдер: 13
Нақыл сөздер: 13
Әңгімелер: 1
Поэмалар: 1
Эсселер: 1

Өтірік айтпа, қиянат қылма, адал бол, ақжүрек бол, өзің үшін оқыма, мен үшін де оқыма, ұлтыңа қызмет қылып, пайда тигізу үшін оқы!
©  Жүсіпбек Аймауытов
Зорлық, қиянат, қанішерлік жоғалып, бір заманда адам баласы бірін бірі маңдайға шертпейтін, жер жүзіне ұжмақ орнайтын шақ бола ма? Жоқ па? Белгісіз..
©  Жүсіпбек Аймауытов
Кісінің аманатынан уақытында құтыл. Еңбегіңе (ақыңа) қиянат жасаған адамға – сен қиянат жасама.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Зорлық, қиянат, қанішерлік жоғалып, бір заманда адам баласы бірін-бірі маңдайға шертпейтін, жер жүзіне ұжымақ орнайтын шақ бола ма, жоқ па?.. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Қанағатсыз билердi қабан деген,Қамшылатқан жүйрiктi шабан деген.Бiреудiң ақысына зорлық қылған,Қиянат қияметте жаман деген. 
©  Ормамбет би
Аманатқа қиянат жасама. Құпияға бекем бол. 
©  Михаил Лермонтов
Айтуға - ұят, айтпасаң - қиянат. 
©  Шерхан Мұртаза
Қиянат қылма адамға - таза еңбек істе заманға. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Арлы, ақылды адам қиянат, зорлық жасамайды, өзімшілдік пен мақтанды сүймейді. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Адамның ең асылы - қиянатсыз, ақ пейіл адам. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қиянатқа көнбе, әділдікке атса да көн.
©  Мұхтар Әуезов
Халықтың тіліне қиянат жасау – оның жүрегін жаралау.
©  Шыңғыс Айтматов