Ана туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Ана" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Ана" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Ана" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Ана" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 95
Жұмбақтар: 9
Тақпақтар: 131
Өлеңдер: 747
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 62
Құттықтау, тілектер: 43
Туындылар: 3
Әңгімелер: 60
Ертегілер: 4
Поэмалар: 7
Шығармалар: 21
Анекдот, әзілдер: 7
Аңыздар: 11
Эсселер: 10

Қасапшы анасына да сүйек сатады.
Өгей ана міншіл,
Жетім бала кекшіл.
Ананың жаны –
Судың толқыны.
Анасы ащы алма жесе,
Баласының тісі қақсайды.
Атасы бірдің арасындағы араздақ өшпейді,
Анасы бірдің арасындағы татулық көшпейді.
Мысықтың баласы дәл анасындай мияулайды.
Анасы жұқалап нан жапса,
Баласы бұтарлап асайды.
Баласы жыламаса,
Анасы жұбатпайды.
Жақсы жеңгең – жарты анаң.
Түн қаншама қараңғы болса да,
Анасынан қызын ажыратуға болады.
Анаң өлсе,
Өгей шешенің қабағына қарамағанда қайтесің.
Адалдық ана сүтінен де абзал.
Су анасы - бұлақ, сөз иесі - құлақ.
Сақау баланың тілін шешесі біледі.
Алып - анадан, ат - биеден.
Елің - панаң,
Жерің - анаң.
Алты бала таппай ана аталмайды,
Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.
Адам ең қатты сүйіктісін,
Ең жақсы түрде жанұясын,
Ең ұзақ анасын жақсы көреді.
Балаға —
Ата қорған, ана құрбан.
Кешірімділік — анадан,
Кішіпейілділік — данадан.
Дана,
Дананы да туған ана.
Ата - асқар тау,
Ана - бауырыдағы бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.
Аш итке ас берсең,
Анаңа тартқаның.
Жаяуға ат берсең
Атаңа тартқаның.
Таза сабаның қымызын іш,
Мейірбан ананың қызын ал.
Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп, асын іш.