Тіс туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 26
Жұмбақтар: 32
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 16
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 5
Әңгімелер: 7
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 1

Жүзің жарқын болғанша,Тісің алтын болсын!
©  Ермахан Шайхыұлы
Алтыннан салған тісің түспесін,Ішкі істер бөліміне ісің түспесін.
©  Ермахан Шайхыұлы
Сыйға тартылған аттың тісің қарамаңыз.
Тіс ауырған жерде тіл ұрады.
Сыйға берілген аттың тістеріне қарамайды.
Тіс сынса, ауыз ішінде, қол сынса, жең ішіндеҚалайша "тіс сынса, ауыз ішінде, қол сынса, жең ішінде" кете бермек? Біз жаманымызды жасырмайтын..
Жазым болса, балшықтан тіс сынады  Қазақта "жазым болса, балшықтан тіс сынады" деген мәтел босқа айтылған емес.("Билер туралы аңыздар". Бабалар сөзі...
Сыйлыққа берілген қашардың тістеріне қарамайды.
Іш сорласа, тістен көреді.
Бұйырған асқа тіс тиер,
Жаз тимесе, қыс тиер.
Барынша бөсіп мақтанғанша,
Тілді тістеп ұстаған жөн.
Бас кетпесін, сөзіңді бақ күзетіп,
Тіс сынбасын, тіліңді бақ түзетіп.
Басқаның тісі ащы жеп қамалады,
Қазының тісі тәтті жеп қамалады.
Айтылмаған сөздерің саф алтындай,
Тістен шықса, қалар бақыр қалпында-ай.
Тіс те кейде тілді қыршиды.
Жақсы жігіттің жасын сұрама,
Жақсы аттың тісін санама.
Быламықтан да тіс сынады,
Ақша қарда да аяқ сынады.
Тісің кетік болса да, көңілің бітік.
Анасы ащы алма жесе,
Баласының тісі қақсайды.
Тіл байлығыңды –
Тіс те шеше алмайды.
Тырнақ пен тістің етіндей,
Татулықта түйткүл жоқ.
Тісі бар да тарысы болмады.
Отыз тістен шыққан сөз отыз ру елге кетер.
Тіссіз иекке быламық та тиек.
Тісің барда ысқыр,
Мұрның барда пысқыр.