Сүт туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 23
Жұмбақтар: 11
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 29
Жаңылтпаштар: 1
Әңгімелер: 4
Ертегілер: 1
Поэмалар: 4
Анекдот, әзілдер: 2

Құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ, ханда қайырым жоқ  – "Құста сүт жоқ,Жылқыда өт жоқ,Ханда қайырым жоқ"("Қазақ мифтері". Бабалар сөзі. 78-том. 2011. 100..
 Су татырмағанға сүт бер. Таспен ұрғанды аспен ұр.

Осы екі мақалдың ұқсатығы мен айрмашылығы қандай?
Біздің халықтың тамаша бір қасиеті..
©  Гүлтас Құрманбай
Сиыр сатсаң-сүтін де сатқаның.
Бәйге алмаған жүйріктенБелі берік бесті артық.Сүт бермеген сиырданШай қатық берген ешкі артық. 
Сиырды теппейді,Сүтті төкпейді. 
Малды бақсаң, сиыр бақ,Сүт кетпейді шарадан.Егін ексең, бидай ек,Құт кетпейді даладан. 
Сиырдың сүті — тілінде. 
Сүтсіз сиыр — сүзеген. 
Өлген сиыр сүтті болады.
Ана сүтіменен көрмесе,
Тана сүтіменен көрмес.
Аққуда сүт жоқ,
Жылқыда өт жоқ.
Үйіңде сүтің төгілсе,
Далада бұзауың еміп кетер.
Сүтке аузын күйдірген,
Қатықты да үрлеп ішер.
Асыққан шыбын сүтке түсер.
Су бермегенге сүт бер.
Ішін арақ жайлаған адам сүтті де үрлеп ішеді.
Адалдық ана сүтінен де абзал.
Қой сүті - қорғасын.
Ернінде сүттің дәмі тұр.
Растық (шындық) жауған қардай, сүттен ақ, судан таза.
Сүт — сүйек өсіреді.
Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім мақтамайды.
Атаның құны, ананың сүті