Пана туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 9
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 8
Нақыл сөздер: 2

Ақылды қызға ана көп, Аяулы жанға пана көп. 
Бала болмай, пана болмас.
Ақылы асса, аға тұт,
Әкімшілігі асса, пана тұт.
Адал туған бала –
Әкесіне пана.
Қайырымсыз болса ханнан без,
Өткелсіз болса судан без,
Асусыз болса таудан без,
Пайдасыз болса байдан без,
Панасыз болса сайдан без.
Пайдасы жоқ бардан без,
Панасы жоқ сайдан без.
Елің - панаң,
Жерің - анаң.
Ауылдан шыққан күні
Байға қонба, сайға қон;
Бай пәле болады,
Сай пана болады.
Қызғыш құсқа көл пана,
Жетім қызға ел пана.