Алып туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 7
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 28
Нақыл сөздер: 4
Туындылар: 2
Әңгімелер: 4
Ертегілер: 3
Аңыздар: 1

Алып анадан туады, асыл анадан туады 
Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
Алып ел дүрліккенде көрінеді,
Данышпан жай тірлік күнде көрінеді.
Алып жауда көрінер,
Байсалды дауда көрінер.
Алып түссе, құп болады,
Алмай түссе, мерт болады.
Алыптармен алыспа,
Бектерменен таласпа.
Күшті кісі алып та жығады,
Шалып та жығады.