Қанатты сөздер туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 2
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 5
Нақыл сөздер: 1104
Әңгімелер: 5

Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркiм бiр ит сақтап жүр ырылдатып.
©  Абай Құнанбаев
Елдi билеуден адамның өзiн-өзi билеуi қиын. Жағдайы келгенде бақ көтерiп, таққа отыру бола бередi. Бiрақ соның буымен өзiн-өзi ұстай алмай, абыройын..
©  Абай Құнанбаев
Ақылы түгел, ойлы адамның баласы — осы адам баласының жалықпайтын нәрсесi бар ма? Тамақтан да, ойыннан да, күлкiден де, мақтаннан да, кербездiктен де..
©  Абай Құнанбаев
Бір қылығың жағып күнде жақсы болмайсың.
©  Абай Құнанбаев
Қаруыңның барында қайрат қылмай,
Қаңғып өткен өмiрдiң бәрi де жел.
©  Абай Құнанбаев
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас,
Сұм нәпсiң үйiр болса,тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай iстен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.
©  Абай Құнанбаев
Әйтеуiр анадан тәуiрмiн ғой деме. Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жаман болады-дағы.
©  Абай Құнанбаев
Сенісерге жан таба алмай, сенделеді ит жүрек.
©  Абай Құнанбаев
Өткен өмір қу соқпақ,
Қыдырады талайды.
©  Абай Құнанбаев
Сағаттың шықылдағы емес ермек, һәмиша өмір өтпек — ол білдірмек.
©  Абай Құнанбаев
Терiн сатпай, телмiрiп көзiн сатып,
Теп-тегiс жұрттың бәрi болды аларман.
©  Абай Құнанбаев
Арсыз болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда.
©  Абай Құнанбаев
Әркiмдi заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманды жаман күйлемек,
Замана оны илемек.
©  Абай Құнанбаев
Жақсы кітапты оқу өткен ғасырдағы кемеңгерлермен ауызба-ауыз сөйлескенмен бірдей және олар өздерінің ең озық ақыл-ойларын алдымызға жайып салады.
©  Рене Декарт
Театр — сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі.
©  Мұхтар Әуезов
Халық деген бейшара ғой, сойыл соғысқанда бiрге соғысады, үлеске келгенде құм асайды.
©  Мұхтар Әуезов
Өз топшылауым бойынша, адамның қай мінезі қасиетті болса, сол мінезі міні де болады.
©  Мұхтар Әуезов
Көзiңдi аш, оян, Қазақ, көтер басты,
Өткiзбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кеттi, Дiн нашар боп, Хал қараң боп,
Қазағым ендi жату жарамас-ты.
©  Міржақып Дулатұлы
Ақша бәрiн жасай алады деп есептейтiн адамдар — ақша үшiн бәрiн жасаудан тайынбайтындар.
©  Пьер Буаст
Үндемеу ақылдың бар екенiн үнемi көрсетпеуi мүмкiн, бiрақ ақымақтықтың жоқтығын дәлелдей алады.
©  Пьер Буаст
Ақиқат шырағы оны алып жүрушiнiң қолын жиi күйдiредi.
©  Пьер Буаст
Егер мектептерімізде реформа жасасақ, түрмелерде де аздаған реформа жасау қажет болады.
©  Джон Рескин
Әлемдегі ең пайдасыз нәрселер — ең әдемі жаратылыстар. Мәселен, тауысты не лалагүлді айталық.
©  Джон Рескин
Адамның деңгейі өскен сайын бейәдеп сөздерді айту ақылға сыймайтын нәрсеге айналады.
©  Джон Рескин
Балаларыңызды адалдыққа баулу — тәрбиенің басы.
©  Джон Рескин