Ит туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 7
Мақал-мәтелдер: 171
Жұмбақтар: 13
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 91
Жаңылтпаштар: 7
Нақыл сөздер: 26
Туындылар: 2
Әңгімелер: 35
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Шығармалар: 4
Анекдот, әзілдер: 5
Эсселер: 1

Сұғанақ итке сүйек табылғыш.
©  Сақып Керелбаев
"Ия, әрине, ит-адалдықтың үлгісі. Бірақ неге ол бізге үлгі болуы керек? Өйткені, бұл басқа иттерге емес, адамға адал.“
©  Карл Краус
Ит қасқырдың туысы, бірақ ол тамақ, жылы төсек үшін қасқырға қарсы үреді.
©  Нұрхалық Абдырақын
Әріптесім Абай Тоқсаба бірде иті туралы айтқан мынадай әңгімесі есімде қалыпты. Оның Құттыаяқ атты иті соңғы кезде босатса болды, қай-қайдағы..
©  Әкім Ысқақ
Қазақта жеті қазынаның бірі – ит. Оны ер жігіттің өмірімен байланыстырады. Дала көшпенділерінің серігі, құндылығы деп есептеген. Бөржардағы үлкен..
©  Әкім Ысқақ
Тегінде бір-біріне өш болып жаралған ит пен мық дос болып жүр бүгінде, бұл бізге досыңмен жауыңды айра біл деп, тұрғандай....
©  Нұрхалық Абдырақын
Ит үрер жақсыға да, жаманға да.
©  Ақан Сері
Ерке ит ауыз жалайды.
©  Ақан Сері
Не жесе ит баласы соны құсар.
©  Ақан Сері
Әрбір үрген итке тас лақтыру үшін тоқтай беретін болсаңыз, ешқашан діттеген орныңызға жетпейсіз.
©  Уинстон Черчилль
Мен доңыздарды жақсы көремін. Иттер бізге төменнен жоғары қарай, ал мысықтар жоғарыдан төмен қарай қарайды. Тек доңыздар бізді тең көреді.
©  Уинстон Черчилль
Егер сендер дауыс беру арқылы бәрiн шешуге болады деп ойласаңдар, онда Афинаның бар иттерi атқа айналсын деп дауыс берiп көрiңдер.
©  Сократ
Иттің кімге үргенін ешкім білмейді.  
©  Гераклит
Жеңген иттiң құйрығының қайқысы-айАртын ашып, абыройын жаппаған. 
©  Иран-Ғайып
Арыз-құрыз, жiк, жала, есеп өссе,Бiр-бiрiңдi жоқ қылар өсек өссе,Өз шешеңнiң емшегiн өзiң турап,Итке тастау дегенiң осы емес пе? 
©  Сүйінбай Аронұлы
Ит мені ешқашан қапқан емес. Қапқан тек адамдар. 
©  Мэрилин Монро
Іннен қазып алынған бір түлкіге екі кісі таласып, бірі: «Итім қуып келіп індетті» дейді. Екіншісі, қақпаншы екен. «Жүні жетілсін..
©  Бала би
Зұлымның қасиеттері таза емес: иттерді қуып шығаратын таяқ таяққа жарамайды.
©  Фәридуддин Аттар
Жақсы адам иттің алдында да ұятты сезінеді.
 
©  Антон Чехов
Ит аулақта доңыз шығар төбеге. 
©  Қашаған Күржіманұлы
Мал жинасаң қойдан жи — майы кетпес шарадан,Ит жинасаң сырттан жи — мал бермейді қорадан. 
©  Бұқар жырау
Кей адамнан ит ілгері, достықты ұмытпайды, адал қызмет етеді. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Есіріп отырсаңдар ішіп арақ,Итсіңдер иесіне үрген нағыз барақ. 
©  Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар.
©  Абай Құнанбаев
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркiм бiр ит сақтап жүр ырылдатып.
©  Абай Құнанбаев