Қайрат туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 14
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 22
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 20
Туындылар: 2
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 1

Қиын сәтте тізгініңді босатпай, шапшаң да шебер қимылда... Жігіт болсаң, жігеріңді жасытпа, қайратыңа қайта мін.
©  Бауыржан Момышұлы
Сыртқы бет-бейнеме неғұрлым көбірек көңіл бөлінген сайын, ішкі қайрат-жігерім солғұрлым көп мүжіле түсті. 
©  Роберт Вальзер
Кәсіп майданында сан мәрте рет жараланып, құлаған сайын шыңдалып, әрдайым шайқасқа дайын болдым. 
©  Рэй Крок
Қайратсыз ашу – тұл, қайғысыз ақыл – тұл. Тұрлаусыз ғашық – тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл.
©  Абай Құнанбаев
Ерлік, қайрат үнемі ірі жұмыста көріне бермей, күндегі уақ-түйек жұмыста да көрінуі керек. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткіз сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сықылды..
©  Жүсіпбек Аймауытов
Жігіттің көз тоқтаттық қандайына:Шешеннің тәңір берген таңдайына.Батырдың қайрат берген жүрегіне,Малдының ырыс берген маңдайына
©  Ақан Сері
Тәуелсiздiк туын тiгуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.
 
©  Нұрсұлтан Назарбаев
Той деп шашылды, ас деп шашылды, ар, білім деп дәулет шашарға қай қазақтың қайраты жетеді?! 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек.
©  Абай Құнанбаев
Қаруыңның барында қайрат қылмай,
Қаңғып өткен өмiрдiң бәрi де жел.
©  Абай Құнанбаев
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
©  Абай Құнанбаев
Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ - деп ер қайратыңа мін дағы, өрге бас.
©  Мұхтар Әуезов
Ойдың алғырлығы, қайраттың іскерлігі бәрінен де мәндірек.
©  Николай Чернышевский
Мен алаңға бірінші елімді, жерімді басындырмаймын деп шықтым. Қылмысым сол болса, соттай беріңдер. Бүкіл жастарды, жатақханаларды көтергенім рас, сол..
©  Қайрат Рысқұлбеков
Қазақ қыздарын шашынан сүйреп жатқанын көргенде мен шыдап тұра алмадым. Қарындасым ғой, қазақтың қызы ғой. Адам емес, аң екеш аңның еркегі ұрғашысына..
©  Қайрат Рысқұлбеков
Қайрат – қамал бұзады.
©  Бауыржан Момышұлы
Жасық жас - өкінішпен өседі, қайратты қарт — тыныш өмір кешеді.
©  Жүсіп Баласағұни
Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
©  Абай Құнанбаев