Бас туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 82
Жұмбақтар: 11
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 88
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 11
Әңгімелер: 8
Ертегілер: 1
Поэмалар: 2
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1

Адамның басы - білім қорын сақтаушы емес, сол ілімді ары қарай дамытушы процессор іспетті.  
©  Марғұлан Сейсембай
Ағаш бұтағы жемісі басқан сайын, ақылды бас толған сайын иіледі. 
©  Ғабиден Мұстафин
Ақылды ой ақылды басқа бiр енсе, сүйресең де шықпас, жыртық басқа шынжырмен байласаң да тұрмас. 
©  Ғабиден Мұстафин
12 сағат жұмыс жасауың міндетті емес. Бірақ басың үнемі істеу керек. 
©  Стив Джобс
12 сағат емес, баспен жұмыс істеу керек 
©  Стив Джобс
Адам әуелі бастан қартаяды.
©  Шал Құлекеұлы
Бас аман болса бөрік табылады.
©  Қорқыт ата
Саясатта жүрек болмайды, тек қана бас болады.
 
©  Наполеон Бонапарт
Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.
©  Абай Құнанбаев
Қызығы бұл жалғанның — мал менен бас.
©  Міржақып Дулатұлы
Балаларыңызды адалдыққа баулу — тәрбиенің басы.
©  Джон Рескин