👈 қаріп өлшемі 👉

Жау туралы Нақыл сөздер ✍️


Мақал-мәтелдер: 167
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 129
Нақыл сөздер: 65
Әңгімелер: 5
Аңыздар: 2

Жауыңды тез жерлеуді ойлама, оның досыңа айналуын ойла.
—  Жәди Шәкенұлы
Күле сәлем бергеннің бәрі дос емес,Күңірене сын айтқанның бәрі жау емес.
—  Жәди Шәкенұлы
Тек таланттардың ғана жауы көп болады.
—  Дүкен Мәсімханұлы
Кешірім алса тойлайды,Жеңдім деп жауын ойлайды.
—  Александр Пушкин
Күн жаманы тынады жауын болып,Дос жаманы тынады жауың болып. 
—  Сайын Назарбекұлы
Көп ойлағанның – жауы да көп.
—  Роберт Вальзер
«Жігітті жігіт демеңіз,Ат мінбесе қатырып,Жау жеңбесе жапырып...»(Халық аузынан).
Кімнің батыр екенін жау келгенде білерсің,Кімнің шешен екенін дау келгенде білерсің.
—  Балпық би
Досыңыздан гөрі жауды кешіру оңайырақ.
—  Уильям Блейк
Өмірдің қас жауы — қайғы мен зерігу. 
—  Артур Шопенгауэр
Жауларыңызды кешіре аласыз, бірақ олардың аттарын ұмытпаңыз.
—  Джон Кеннеди
Жауларсыз менің өмірім тозақ сияқты қуанышсыз болар еді.
—  Ричард Никсон
Ілгерілеу үшін біз қарсыластарымызға жауларымыз ретінде қарауды тоқтатуымыз керек. Біз емес, жаулары. Біз американдықпыз.
—  Джо Байден
 Жау жағынан әлдекім өз жанына сауға тілеп келсе, оны өлтіруге болмайды.
—  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Уақыт-әдемі компанияның досы және жаман жау.
—  Уоррен Баффет
Жауыңнан бұрын қимылда - жеріңе жамандық келмейді. 
—  Білге қаған
Жігітті шешенсінген — дауда сына, есерді батырсынған — жауда сына.
—  Ақан Сері
Сенің жауың бар ма? Керемет. Яғни, сен кезінде өз ойыңды қорғағансың.
—  Уинстон Черчилль
Сауыттың қасиеті – қылышпен ұрғанда,Аттың қасиеті – жаудан алып шыққанда көрінер.
—  Қорқыт ата
"Соғыс болсын деп ешқашан қаламаймын. Бірақ егер осындай ауыртпалық басымызға түссе, Алла бермесін, сіздер және немере-шөберелеріміз бізден кем..
—  Талғат Бигелдинов
Кішкентай жау болмайды.
—  Бенджамин Франклин
Жалаңаш барып жауға ти – тәңірі өзі біледі ажалымыз қайдан дүр. 
—  Шалкиіз Тіленшіұлы
Жаманның жалаңдаған тілі жау. 
—  Шалкиіз Тіленшіұлы
Саған дұшпан – маған жау. 
—  Шалкиіз Тіленшіұлы
Жауды жоюдың қажеті жоқ; оны ұрысқа қатысуға бел байлаудан айыру жеткілікті.
—  Сұн Зы

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы