Қарттық туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 51
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 45
Нақыл сөздер: 25
Әңгімелер: 3
Ертегілер: 1

Өзендегі өлшеулі жай ағыстар,Қарияға қарасаң аяныш бар.Намыстанба жүре алмай қалса олар,Кезің келер,сенің де таяқ ұстар.
©  Нұржан Төлендиев
Қартайғандағы ең зор бақыт — өзінің бүкіл жастық жігерін ұлы іске арнағанын еске алу. 
©  Артур Шопенгауэр
Әйелдің қартаюы – өмірлік трагедия.
©  Агата Кристи
Қарт жақсы жас жақсысын күндемеген.
©  Шал Құлекеұлы
Адам әуелі бастан қартаяды.
©  Шал Құлекеұлы
Біздің балалар - біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие - болашақтағы қайғымыз, бұл - біздің көз жасымыз, бұл - басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы..
©  Антон Макаренко
Жас адам қартаяды, жаңа нәрсе ескіреді.
©  Иүгінеки Ахмед
Қартаю қызықсыз, бірақ бұл ұзақ өмір сүрудің жалғыз амалы. 
©  Фаина Раневская
Жаңа нәрселер үйреніп жүргенде қарттықтың азабынан қорықпай-ақ қоюға болады. 
©  Харуки Мураками
Қартаю зерігерлі, бірақ ол ұзақ өмір сүрудің жалғыз жолы.
 
©  Бернард Шоу
Әлемді жастар билейді — қартайғанда.
 
©  Бернард Шоу
Жетпіс деген жел екен. 
©  Бұқар жырау
Қартайсаң да қарт бабаңды сыйлай біл,Күндердің күні болғандаКімдер де кімнің дейсің белі бүгілмес. 
©  Бұқар жырау
Балалық шақта бақыт алдымыздан күтіп тұрғандай көрінетін, қартайғанда оның тек өтіп кеткендігін сезінумен ғана шектеледі екенбіз. 
©  Марк Твен
Жасында тырысқан - қартайғанда қуанады. 
©  Махмұд Қашқари
Заман қартайтқанға - бояу айыпты емес. 
©  Махмұд Қашқари
Ақиық қыран қартайса,Жас жағалтайдан тепкі жейді. 
©  Майқы би
Он бес жас — құйын қуған желмен тең, жиырма жас — дауыл ұрған көлмен тең, отыз бес — ағып жатқан селмен тең, қырық бес — аю аспас белмен тең, жетпіс..
©  Жиренше шешен
Менің өмірден байқағаным қарттық пен сақтық қатар келеді екен.
©  Роберт Де Ниро
Адамның үш шынайы жасы болады: жастық шақ, кемелдену кезеңі және «сайтан алғыр, қалай ғана қартайып кеттім?»
©  Стивен Кинг
Адам жиырма жасындағы көзқараспен елу жаста да қараса, онда ол өз өмірінің отыз жылын жоғалтыпты.
©  Мұхаммед Әли
Қартайғанда еске алатын естеліктер болсын десеңіз, лайықты өмір сүріңіз.
©  Далай-Лама
Кәрілік екі көзді қызартады,
Сүйектің етін сылып, ұзартады.
Еңкейсең етпетіңнен түсіргендей,
Батпандап тізе тұсқа тұз артады.
©  Жамбыл Жабаев
Дәурені озса — жасы жеткені болар, қамқа тозса — күтімі кеткені болар.
©  Сырым Датұлы
Алпыс жаста өмірдің дәмі кетеді.
©  Жүсіп Баласағұни