Заман туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 34
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 297
Нақыл сөздер: 67
Туындылар: 4
Әңгімелер: 33
Ертегілер: 5
Поэмалар: 2
Шығармалар: 3
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 5

Зорлық, қиянат, қанішерлік жоғалып, бір заманда адам баласы бірін бірі маңдайға шертпейтін, жер жүзіне ұжмақ орнайтын шақ бола ма? Жоқ па? Белгісіз..
©  Жүсіпбек Аймауытов
Біздің сенім мен түсінікті қалыптастыратын айналадағы қоршаған орта, ғылыми тілмен айтқанда Эпигенетика. Адамның тағдыры текті тұқымына ғана емес..
©  Нарша Булгакбаев
«Өмірді тек СЫРТҚЫ адамдар (үкімет) басқарады», «Менің өмірім қоршаған ортаға жəне СЫРТҚЫ жағдайларға ғана (отбасы, жұмыс) байланысты» деген сияқты..
©  Нарша Булгакбаев
Оразадан жан қиналмаған, тоқшылық заманнан қиналған. Себебі тоқшылық — ізгілікке де, зұлымдыққа да қуат берген. 
©  Нарша Булгакбаев
Қазіргі заман оқиғаларының тарихи оқиғалардан ерекшелігі – біз олардың неге апарып соғатынынан əлі бейхабармыз.
©  Фридрих Август фон Хайек
Заманның құлы болма, заңғар еліңнің ұлы бол.
©  Жәди Шәкенұлы
«Заман түзелсін» дейік, жаман да түзелер.
©  Сақып Керелбаев
Қарияларымыз ескі мен жаңа заманның арасын жалғаған, жаны даладай кең, көңілі баладай сенгіш, ұлттық рухтың қайыспас қара нары еді.
©  Бекжан Тұрыс
«Қазіргі заман талабына сай, жан – жақтыжетілген бойында ұлттық сана мен ұлттықпсихология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасатыбар ұрпақ тәрбиелеу..
©  Нұрсұлтан Назарбаев
Біздің заманымызда сөз қылар ештеңесі жоқ адам ғана өсекке ілінбейді. 
©  Теодор Драйзер
Заманына қарай амалы бар емес пе? 
©  Ғабиден Мұстафин
Қазір заман басқа, адамдардың санасы да айтарлықтай өзгерген. 
©  Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазіргі заманның қиындығы бәскелесің көп, жеңілдігі  сол білім жинауға мүмкіндік мол.
©  Ахметбек Нұрсила
Заман талабының деңгейінде болу үшін біздер — мәдениет қайраткерлері өмірге барынша терең бойлап, оны жан-жақты тануымыз керек, ең жоғарғы шеберлікке..
©  Ғабиден Мұстафин
Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел. Алдыңғы толқын – ағалар, артқы толқын – інілер. Кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер.
©  Абай Құнанбаев
Тіл – ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал. Әр заманда тіл ішкі сырды әртүрлі шығаратын болған. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Адам өтер, бәрі де кетер, тек заманның сарқылмас сазы, өмірдің өшпейтін жолы, айтылар сөзі қалар мәңгілік...
©  Тұрысов Еркінбек
Тас жерде қолдың ұшын бергенді айтшы,Екінің бірі мырза тасқан жерде.Жамандар көре алмаған қылады өсек,Лайық заманында асқан ерді.
©  Ақан Сері
Бұл заманның тамыры-құдандасы –Әуелі арбау менен ойлар сұмдық.Құдайдың бұйырмаған нәрсесіне,Кіріптар боп жүреді адам мұңлық.
©  Ақан Сері
Шарықтан шығар жоқ үнім,Кез болдым Заман – обырға.Өрекпіп өлең оқыдым,Өз тілін ұқпас тобырға.
©  Төретайұлы Қабылбек
Заманға таң қалма − адамға таң қал. 
©  Әбіш Кекілбаев
Мынадай жаһандану саясаты белең алып бара жатқан заманда біздің сыншыларымыз да, жас жазушыларымыз да ұлттық мінезі жоқ туындылардың жұтылып..
©  Орынбай Шойбек
«Қайғы заманның» қай жерінде болмасын Төле бидің кез -келген әрекетінде ұлттық мүдде көрініс береді.
©  Орынбай Шойбек
Қай заманда да шынайы қаламгер – рухани тәрбиеші, қоғамдық ойдың   ұйытқысы болған. мешеулікке бой алдырамыз.
©  Қайырғали Медет
Заман түзеліп келеді. Салт-дәстүр қайта жаңғыруда. Ер балаларымызды атқа отырғызып, тағылым, тәрбиеге көбірек көңіл бөлейік.
©  Әселхан Қалыбекова