Өсиет сөздер туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 1
Өлеңдер: 1
Нақыл сөздер: 38

Өмірімде қанша қиындық көрсем да, жүрегім әлі де ғажайыпқа сенеді!
©  Өсиет сөздер
Ары таза жігіттің - жаны таза!
©  Өсиет сөздер
Ақ көңілдің аты арып, тоңы тозбас!
©  Өсиет сөздер
Орынды зіркілдеу – сабақ, орынсыз зіркілдеу – азап.Орынды зіркілдеу жастарды дұрыс жолға, орынсыз зіркілдеу бұрыс жолға салады.
©  Өсиет сөздер
Ай мен жұлдыз болмаса, қараңғы түнде адамдар адасар еді. Өнер дүлдүлдері болмаса, мына күйбең тіршілікте адамдардың көңілін кір басар еді.
©  Шерхан Мұртаза
Жаның ауырып тұрса да, күлімдеСенің жағдайыңды өзіңнен басқа ешкім түсінбейді...
©  Өсиет сөздер
Бес күн, мына жалған тіршілікте, қолымыздан келгенінше, бір-бірімізге тек жақсылық жасайықшы. 
©  Өсиет сөздер
Ілім үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу – мол дүние жиып, оның керегіне жаратпай, көміп қойғанмен бірдей  
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,Әуре етеді ішінде қулық сақтап.Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,Еңбегің мен ақылың екі жақтап (Абай).
©  Өсиет сөздер
– Осынша әдептілікті қайдан үйрендің? – дегенде Лұқпан хакім «Әдепсіздерден үйрендім» депті.
©  Өсиет сөздер
Әркімнің ішкі нұр сәулесінің үш аты бар, ол: еңбекқорлық, жақсылық, кішіпейілдік.
©  Өсиет сөздер
Халықтың қасиетін кетіретін үш нәрсе бар және ол үш нәрсені жоқ қылады
1. Ғалымдар мен қарттарды сыйламаушылық кісінің келешегін жояды.2. Елді басқарған өкіметті сыйламау – ел ішінің бірлігін жояды.3. Асты күтпей ысырап..
©  Өсиет сөздер
Әкенің қамқорлығы таудан биік,Ананың махаббаты теңізден терең!..
©  Өсиет сөздер
Бүгін сағы сынды деп жақсыны басынба,Қиын қыстау күн туса - сол табылар қасыңнан.
©  Қазыбек би Келдібекұлы
Адамның қолы қанат емес, ұшуға арналмаған. Ұшып жүргендерді атып түсіру оңай деуші еді, қаңғыған оқ, қаңғырған аңшыдан сақтан, жарығым
©  Оралхан Бөкей
Кітап әлемінен алыстаған ұрпақтың болашағы бұлдыр, келешегі күңгірт. Жас өскінді кітапқа тебіреніспен қарайтындай етіп тәлімдеп, тәрбиелеуге қол..
©  Мархабат Байғұт
Адамның айтқан мың сөзінен гөрі, жасаған бiр iсi оның қандай екенін көрсетіп береді.
©  Өсиет сөздер
Қолымнан келсе ысырар едім уақытты артқа,Оралғым келеді алаңсыз балалық шаққа !
©  Өсиет сөздер
"Жақын" деген достарым, күн өткен сайын "жәй таныстарыма" айналып бара жатқандай...
©  Өсиет сөздер
Күлкісіз өмір қызық емес!Махаббатсыз өмір мәнді емес!Достарсыз өмір мүмкін емес...
©  Өсиет сөздер
Мен қанша биікке көтерілсемде өз халқымнан төмен екенімді ұмытқан емеспін!
©  Дінмұхамед Қонаев
Ештеңе мәңгілік емес, кез-келген уақытта бәрі өзгеруі мүмкін! 
©  Өсиет сөздер
Адамның көңіліне қарап сөйлеу, үлкен имандылықтың белгісі.
©  Өсиет сөздер
Дүние мен ақырет батыс пен шығыс сияқты. Біріне жақындасаң, екіншісінен ұзайсың.
©  Өсиет сөздер
Шыншылдық-ізгігілікке, ал ізгілік болса жұмаққа бастайды.
©  Өсиет сөздер