Өсиет сөздер абай туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Нақыл сөздер: 7

Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің. Бағың өскен соң өзің ғана тілейсің.
©  Абай Құнанбаев
Қайратсыз ашу – тұл, қайғысыз ақыл – тұл. Тұрлаусыз ғашық – тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл.
©  Абай Құнанбаев
Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас. Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол.
©  Абай Құнанбаев
Жаман дос – көлеңке, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың.
©  Абай Құнанбаев
Тоқ тіленші – адам сайтаны, харекетсіз – сопы монтаны.
©  Абай Құнанбаев
Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық. Бақпен асқан патшадан, миымен асқан қара артық.
©  Абай Құнанбаев
Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел. Алдыңғы толқын – ағалар, артқы толқын – інілер. Кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер.
©  Абай Құнанбаев