Қараңғы туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 8
Жұмбақтар: 2
Өлеңдер: 28
Нақыл сөздер: 10
Әңгімелер: 3

Қараңғылықта жарықты көре білу керек, ол сенің сыртыңда жанып тұрған жоқ, ішіңде жанып тұр, ал адамдар жарықты сонда да сырттан көргісі келеді. Сол..
©  Нарша Булгакбаев
Біз қараңғылықта болсақ та, жарыққа қызмет ете аламыз. 
©  Нарша Булгакбаев
Сізді көлеңкеге кім айдап апарды? Қараңғыда сізді кім қалдырды? Шындық мынада, біз өзімізді қараңғылықта, надандықтың қараңғы түнегінде өмір сүруге..
©  Нарша Булгакбаев
Қараңғыда жалғыз қалмассың, жарықты іштей жаға алсаң, бақытсыз болып қалмассың, бақытты іштей баға алсаң. 
©  Нарша Булгакбаев
Қараңғыдан шыққанда көз қарығады. Кенет биік мұнараның басына шыққан болсаң – қаның тасып, басың айналады немесе бағдарыңнан айырыласың.
©  Пьер Тейяр де Шарден
Дүниенің қызуы күннен,Киімнің жылуы жүннен.Қараңғыны қаралап қайтеміз,Жұлдыздың жарқырауы түннен.
©  Балпық би
Ай мен жұлдыз болмаса, қараңғы түнде адамдар адасар еді. Өнер дүлдүлдері болмаса, мына күйбең тіршілікте адамдардың көңілін кір басар еді.
©  Шерхан Мұртаза
Көзiңдi аш, оян, Қазақ, көтер басты,
Өткiзбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кеттi, Дiн нашар боп, Хал қараң боп,
Қазағым ендi жату жарамас-ты.
©  Міржақып Дулатұлы
Тіліңді жоғалту, су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет.
©  Жалау Мыңбаев
Парасат — қараңғыдағы шырақ.
©  Жүсіп Баласағұни