Әдеп туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 25
Тақпақтар: 11
Өлеңдер: 12
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 17
Туындылар: 1
Әңгімелер: 2
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1

Әдемі сөйлейтіндердің көбі, әдепсіз қылықтарға барады. 
©  Демокрит
Әдеп — ілімнен бұрын келеді. 
©  Омар ибн әл-Хаттап
Адамдармен орташа дауыс тонымен сөйлес! Өзіңді нық ұстап, рухты бол!
©  Нұрхалық Абдырақын
Ауыздан шыққан суық сөз жүрекке жеткенше мұзға айналады.
©  Ілияс Есенберлин
Әдептің басы - байқап сөйлеу.
©  Иүгінеки Ахмед
Әдепсіз келінге - әдемі киім жараспайды.
 
©  Саиф Сараи
Жасында әдеп үйренбеген кісіден, өскен соң қайран жоқ.
 
©  Саиф Сараи
Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бірге кездессе, бірін-бірі жасырыңқырап тұрады, ашықтық пен абайсыздық бірге кездессе, бірін-бірі асырыңқырап..
©  Ғабит Мүсірепов
Әйел адамды әдепсіздік құртады. 
©  Сергей Капица
Дөрекілік - рухани осалдық. 
©  Мария фон Эбнер-Эшенбах
Тіпті күштің өзімен ештеңе тындыруға болмаған жағдайларда да әдеп арқылы табысқа жетуге болады. 
©  Джон Леббок
Адамның деңгейі өскен сайын бейәдеп сөздерді айту ақылға сыймайтын нәрсеге айналады.
©  Джон Рескин
Бізге ештеңе де сыпайыгершіліктей соншалық арзанға түсіп, қымбат бағаланбайды.
©  Мигель де Сервантес
Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан тұрады.
©  Жан-Жак Руссо
Есті кісі ерегіспейді,
Көпшіл адам бөлек ішпейді.
©  Кенен Әзірбаев
Достарыңмен қатынаста тек олардың қолынан келетін іс істеуге кеңес бер, оларды жақсылыққа жетеле, әдептілікті бұзба, бірақ нәтижеге жетуге үміт жоқ..
©  Конфуций
Көп әдеп араласқан аз ғана амал әдепсіз жасалынған көп амалдан артық