Көз туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 8
Мақал-мәтелдер: 112
Жұмбақтар: 48
Тақпақтар: 10
Өлеңдер: 307
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 32
Туындылар: 2
Әңгімелер: 24
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 4

Алла-тағала барлық адамға көз, ауыз, құлақ, аяқ-қол берді. Сондықтан ол көрмей, сөйлемей, естімей, қозғалмай тұра алмайды. Сондықтан сенің оңдысолды..
©  Дүкен Мәсімханұлы
Көзін төмен салып, мүлəйімси қалу – тастай қашуға əзірліктің белгісі.
©  Альфред Адлер
Дананы — ойынан;Батырды — сойынан;Ізгіні — ісінен;Жақсыны — түсінен;Көлгірді — көзінен;Суайтты — сөзінен. 
©  Сайын Назарбекұлы
Қараңғыдан шыққанда көз қарығады. Кенет биік мұнараның басына шыққан болсаң – қаның тасып, басың айналады немесе бағдарыңнан айырыласың.
©  Пьер Тейяр де Шарден
Көрмеген көз мұңлы, сусыз жер мұңлы.
©  Естеу ЖҮНІС
Айнаға басқа адамның көзімен қарау мүмкін емес. Адамның өздік санасы ондайда «анау тұрған басқа адам емес, менің Менім» дегенді күбірлеуден..
©  Артур Шопенгауэр
Адамдардың құлағы олардың көздеріне қарағанда сенімсіз.
©  Геродот
 Көз екеу.... құлақ екеу.... ауыз біреу аз сөйле.
©  Нұрхалық Абдырақын
Алып таудың басына қарап тамсан, етегіне еш көз салма.
©  Нұрхалық Абдырақын
Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.
©  Әлихан Бөкейханов
Көз құлаққа қарағанда әділ куәлік етеді. 
©  Гераклит
Егер рухы жабайы болса, оның көзі мен құлағы жаман хабар береді. 
©  Гераклит
Сыншылар да басқалар секілді, көз алдындағыны емес, іздегенін көреді.
 
©  Бернард Шоу
Құлақ екеу, ауыз біреу.Ол не үшін бұлай?Көп тыңдап, аз сөйлеуге жаратқан оны Құдай.Ауыз біреу, көз екеу – ол не үшін бұлай?Көп көріп, аз..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Қара арғымақ арыса — қарға адым жер мұң болар,Есіл көзден нұр тайса — бір көруге зар болар. 
©  Бұқар жырау
Мінген атың арыса — қатарға ену күн болар,Қара көзден нұр тайса — қарға адым жер мұң болар. 
©  Бұқар жырау
Өтірікті шын қылған — ол адамның қызыл көзді пәлесі. 
©  Бұқар жырау
Бас көзі жұмылады, көңіл көзі жұмылмайды. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті..
©  Ғабит Мүсірепов
Көз көргенді ой таниды. 
©  Ғабит Мүсірепов
Көзбен де қамшылауға болады. 
©  Ғабит Мүсірепов
Жұмысты жалғастыра беріңіз, көзді жұмған күн сіздің арқаңызда жарқырайды.
©  Уоррен Баффет
Тәжірибе жолды айтарлықтай жарықтандырады, әсіресе егер ол көздің астындағы шам болса.
©  Леонид Сухоруков
Ғақлия көзбен қарасаң,
Дүние – ғажап, сен – есік.
Жаһлы көзбен қарасаң,
Дүние – қоқыс, сен – меншік.
©  Әл-Фараби
Терiн сатпай, телмiрiп көзiн сатып,
Теп-тегiс жұрттың бәрi болды аларман.
©  Абай Құнанбаев