Күлкі туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 32
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 87
Нақыл сөздер: 23
Туындылар: 1
Әңгімелер: 6

Сәбидің күлкісі – тіршіліктегі ең сыйқырлы, ең әсем музыка.
©  Дүкен Мәсімханұлы
Жануарлардың ішінде адам күлкісіне ұқсас дыбыс шығаруға қабілеттісі тек гиена.
©  Элиас Канетти
Күлкі мынаған үйретеді: өлім бөлшектерінен ақылмен алшақтай жүріп, өмірді сақтауға ғана ұмтыламыз, ал ақыл аяғымызды аттап баспауға бұйыратын..
©  Жорж Батай
Күлкі де ер жетеді.
©  Жорж Батай
Ең бақытты күлкі – сəбидің күлкісі!
©  Жорж Батай
Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкіге қалу – өлім. 
©  Сейіт Кенжеахметұлы
"Күлімсіреу-бұл қиындықтарды жеңудің, қорқынышыңызды басудың және ауырсынуды жасырудың ең жақсы тәсілі.“
©  Уилл Смит
Күлкісіз өмір қызық емес!Махаббатсыз өмір мәнді емес!Достарсыз өмір мүмкін емес...
©  Өсиет сөздер
Менің өмірімнің ең қуаныштарының бірі-достарымның күлкісі!
Күлкі — күн: ол адам жүзінен қысты қуады. 
©  Виктор Гюго
Барлық дене қимылдарының ішінде — күлкі ең келістісі, ол ас қорытуға, қан айналымына қолайлы әсер етіп, барлық ағзалардағы өмірлік күшке серпін..
©  Кристоф Вильгельм
Адамдардың мінезі олардың нені күлкілі санайтындарынан бәрінен гөрі жақсы көрінеді.
 
©  Иоганн Вольфганг фон Гёте
Менің күлдіру әдісім — шындықты айту. Дүниеде одан күлкілі ештеңе жоқ.
 
©  Бернард Шоу
Жаманмен жолдас болсаңыз,Көрiнгенге күлкi етер,Жақсымен жолдас болсаңыз,Айрылмасқа серт етер. 
©  Бұқар жырау
Адамзат ең қуатты қаруға ие, ол күлкі 
©  Марк Твен
Күлкіден қорыққан — шындықты сүймейді. 
©  Иван Тургенев
Ақылы түгел, ойлы адамның баласы — осы адам баласының жалықпайтын нәрсесi бар ма? Тамақтан да, ойыннан да, күлкiден де, мақтаннан да, кербездiктен де..
©  Абай Құнанбаев
Маңызды мәселелерде көбіне ащы күлкі мақсатқа сенімдірек тиіп жатады.
©  Гораций
Дүниеде шындықтан күлкілі әзіл жоқ.
©  Мұхаммед Әли
Күлкі сергектік тудырады.
©  Лев Толстой
Ой жетпейтін жер болмайды, күлкі жеңбейтін жау болмайды.
©  Бауыржан Момышұлы
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
©  Абай Құнанбаев
Жастықтан бір күлгенің, мың қаралық.
©  Абай Құнанбаев