Жұрт туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Жұрт" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Жұрт" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Жұрт" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Жұрт" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 86
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 225
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 65
Туындылар: 1
Әңгімелер: 25
Шығармалар: 2
Эсселер: 1

Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел — қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай..
©  Міржақып Дулатұлы
Алаң да алаң, алаң жұрт
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен..
©  Қазтуған жырау Сүйінішұлы
Ескі жұртта
Айтсаңшы, көке-ау, қай маңда,
Орны менің үйімнің?
Қанып ең талай айранға,
Қолынан әжем Тиынның.
Орны қайда үйімнің?
Айтсайшы, көке-ау, қай..
©  Мұқағали Мақатаев
Шортанбайдың өлер алдында қатын-бала, ел-жұртына арыздасып айтқан насихат сөздері
Мінеді ғаділ патша алтын таққа,
Иман бермей қалмайды көңілі аққа.
Шортанбай өзі тірі заманында
Сапар шегіп барып қайтты Семей жаққа.
Құдайдың..
©  Шортанбай Қанайұлы
Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды.
©  Омар Хайям
Бұл заманның жақсысы: бірін-бірі көре алмас, жұртына пайда бере алмас.
©  Дулат Бабатайұлы
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.
©  Бауыржан Момышұлы
Ақылдылықпен ел биле, бiлiмдiлiкпен жұртты аузыңа қарат.
©  Жүсіп Баласағұни
Жұрттың өзi туралы не айтатынын естiген адам сабырлы бола алмайды.
©  Лев Толстой
Билiк басындағы адамдар жұрт өзiнiң әрекетiнде тек зорлықты басшылыққа алады деп ойлайды, сондықтан қазiргi тәртiптi сақтау үшiн зорлықты батыл..
©  Лев Толстой
Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.
©  Бауыржан Момышұлы
Жұрттың көбіне ақыл берілгенімен, жүрек бәріне бірдей берілмеген.
©  Бауыржан Момышұлы
Білікті адам жұрт тынғанда сөйлейді.
Бұрын айтылмаған білімді
Жұрт сөзіңнен таниды.
Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер,
Байқамай көп сөйлеген, жұрт ішінде өлер.
Байлығы тайған бек
Жұртсыз күн көре алмайды.
Бағбан еңбектің қиыншылығын көрмесе,
Жұрт жемістің дәмін татпас еді.
Әдепсіз үйге кіріп болмас,
Әкімсіз жұртта тұрып болмас.
Аспандағы бұлтқа қарама,
Жердегі жұртқа қара.
Баспас ат, өтпес пышақ – жұрт айтады.
Жігітті осы екеуі қартайтады.
Көшкісі келген жұртын жамандайды.
Биің алаң болса,
Жұртың ылаң болар.
Көшкен жұртыңның парқын
Қонған жұртыңда білерсің.
Ердің күйін сұрама,
Жұрттан сауын сауған соң.
Малдың күйін сұрама,
Қоынысынан ауған соң.
Көшкен жұрттың қадірі қанғанда өтер,
Ер жігіттің қадірі өлгенде өтер.