Жеміс туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 14
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 9
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 5
Әңгімелер: 6
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 2

Тыйым салынған жеміс тәтті.
Жаздың жемісі-қыстың қазынасы.
Ағаш жемістерден танылады.
Әр жемістің айтулы мезгілі бар.
Тыйым салынған жемістер тәтті болады.
Бағбан еңбектің қиыншылығын көрмесе,
Жұрт жемістің дәмін татпас еді.
Аспаннан Әбілхаят суы жауса да,
Тал ағаш жеміс бермейді.
Ағаштың жемісін жеймін десең,
Түбіне балта шаппа.
Ағаш екпей жеміс бермес,
Іс бітпей жеңіс келмес.
Жемісі көп ағаштың бұтағы төмен.
Жаман ағаштың жемісі де кеміс.
Жеріне қарай жемісі.
Жеміс жеміске қарап өседі.
Бидай — қырда,
Күріш — Сырда.
Жемістердің ғажабы —
Жетісуда.