Пышақ туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 7
Мақал-мәтелдер: 25
Жұмбақтар: 11
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 2
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 3
Әңгімелер: 1
Анекдот, әзілдер: 1

Мал сойсаң, құйрығына жеткенде пышағыңды сындырып алма.
©  Түркі халықтары
Пышақ қанша өткір болғанымен, өз сабын жона алмас.Бұл мақал өз ісін орындай алмай тұрып, басқалардың ісі жайында үлкен ой айтатын адамдарға арнап..
©  Түркі халықтары
Асыл сөз — наркескен қылыштай, жасық сөз — өтпес пышақтай. 
Асыл пышақ қап түбінде жатпайды "Асыл пышақ қап түбінде жатпайды" деген. Келінім ақылды болса, балам дана болады. Ердің бақыты – әйел деген.("Билер..
 Пышақ қанша өткір болғанмен, өз сабын өзі кесе алмайды.

Мақалды қалай түсінесіз?
Дәрменсіздік деген сөздің мағынасын ашып айтыңыз. Сол..
©  Гүлтас Құрманбай
Пышақ қанша өткір болғанымен,Өз сабын жона алмас.
Батырдан кеңес сұрасаң,
Қылыш, мылтық, байрағын айтар.
Шаруадан кеңес сұрасаң,
Соқасы мен тайлағын айтар.
Қасаптан кеңес сұрасаң,
Пышағы мен..
Асқынған ауруға пышақ ем.
Баспас ат, өтпес пышақ – жұрт айтады.
Жігітті осы екеуі қартайтады.
Қасап та өзі,
Пышақ та өзі.
Пышағы өткір байымайды.
Терісін сыдырған соң
Пышағыңды сындырма.
Мұрны кесілген жан пышақты аузына да алмас.
Жүз пышақта бір сап жоқ.
Пышақ өз сабын кеспейді.
Суатсыз жерден суға түспе,
Буынсыз жерге пышақ ұрма.
Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.
Пышағыңның күмісіне қарап,
Өтпесіне болайын.
Битке пышақ суырма.
Пышағыңды қайрап жүр, не соярыңды білсеңіз,
Жауабыңды сайлап жүр, жолдасыңның не сұрарын білсеңіз.
Балаға пышақ бермесең бір жылар,
Берсең екі жылар.
Кісі өлтіретін пышақты
Кісі көрмейді.
Кезенген пышақ,
Кез бойы ұзарып кетеді.
Алтын пышақ өтпесе,
Алтынын ал да отқа жақ.
Өтпес пышақ қол кесер.