Мінез туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Мінез" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Мінез" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Мінез" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Мінез" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 7
Мақал-мәтелдер: 34
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 142
Нақыл сөздер: 104
Туындылар: 35
Әңгімелер: 13
Шығармалар: 4
Эсселер: 4

Мінезі жаман адамға — енді қайтып жуыспа,Тәуір көрер адаммен — жалған намыс қуыспа. 
©  Асан қайғы
Үлкен мақсаттарды орындау жолында адам өзінің бойында басқаларға шамшырақ болатындай мінез барын сезінеді. 
©  Георг Гегель
Ұлы мақсаттарды жүзеге асыру арқылы адам өзін өзгелерге шамшырақ ететін керемет мінезді тауып алады. 
©  Георг Гегель
Заман
Үлкен-кіші адамнан иба кетті,Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,Мінез-құлық бұзатын әдет жетті,Бұл не деген заман болды, достар?! 
©  Қожа Ахмет Яссауи
Өтеміс абыз
Күлікте: Жаңабатыр, Жанақ болды,Өтеміс әулиелік алған жолды.Өлгенде, моласының ортасынанҮстіне екі қайың белгі тұрды.Мінезі тірісінде қызық..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Табылар мергенге де – бұқтырушы
Пендесі бір Құдайды білмей ме екен?!Мінезін Құдай оның көрмей ме екен?!Шайтандай, ең болғанда, көп жасасын,Жоқ болып, ақыр бір күн өлмей ме..
©  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын
Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын,Ақ анар, жұпар иіс, мамық қойын.Мінезді, сөзге епті, әңгіме ұста,Өмірдің қыздыратын жастық тойын.
Сүйріктей ақ..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сымбатты сұлуға
Сүйдірген сені маған қыли көзің,Томардай кедір-бұдыр топас сөзің.Құбыжық қорсылдаған мінездерің,Арман жоқ пида болсам саған өзім.Сымбатты сұлу..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Іштен қыңыр туғанды тезге салсаң түзелмес. 
©  Бұқар жырау
Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады,Әдетің - мінезіңе айналады.Мінезің - сенің тағдырың. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ызақор - қабаған төбет тәрізді. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Адамның ең асылы - қиянатсыз, ақ пейіл адам. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ашумен қылған іс - іс болып жаратпайды. Бойды ашуға билетпе. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Көңілі жұмсақ адамның күрмеуін тағдыр шешеді. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ең зиянды адам - мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек - осы төртеуі кімнің бойында болса - сол шын адам..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Сақ адам - сандығын бекітеді. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан.Күні бұрын жуытпа маңайыңа,Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан.  
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қайғылы сұлуға
Көркің хор, періште еді сенің жаның,Ойлаушы ең күні-түні көк аспанын.Мінезін адамзаттың сынамаққа,Мезгілді орын ғып ең бұл жалғанын.Байқадың..
©  Мағжан Жұмабаев
Р...ға
Сенсің досым, жібек мінез Жібегім,Сені ғана сүйем - куә жүрегім.Суық жолдан сақтайтын сен - періштем,Сен болмасаң, азып-тозып өлемін.Түрлі жерде..
©  Мағжан Жұмабаев
Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бірге кездессе, бірін-бірі жасырыңқырап тұрады, ашықтық пен абайсыздық бірге кездессе, бірін-бірі асырыңқырап..
©  Ғабит Мүсірепов
Мінездің сиқы: екі аяғы есерлік, ессіздік дейтін екі баспалдақта тұрған адам сияқты екен. 
©  Ғабит Мүсірепов
Мінез: от басында күл шашып, күпілдеген көпірме. 
©  Ғабит Мүсірепов
Шеше мінезінен сезік алса, бала жүрегі суына береді, қатулана береді.  
©  Ғабит Мүсірепов
Үлкен өнердің - үлкен, таза мінезі болуға керек. 
©  Ғабит Мүсірепов
Оқыс сөз, одыраң мінез – үлгісі жоқ ұлдың, кер кеткен кыздың белгісі. 
©  Ғабит Мүсірепов