![]() |
|
![]() |
Мінез-құлық туралы Нақыл сөздер ✍️
Мақал-мәтелдер: 55
Өлеңдер: 2
Нақыл сөздер: 16
Бір сүйген адамыңды мәңгі сүйіп өтуге болады. Бұл махаббаттың күшінен ғана емес, адамның мінез-құлқының тұрақтылығымен байланысты.
— Ілияс Есенберлин
Ізгі оймен ашқан есікті - қатты жаппа.Жұрт қашардай - қатты болма,Жұрт таптардай - жуас болма.
— Саиф Сараи
Қайырсыз итке мал бітсе — аңқаң құрып келгенде саумал бермес ішерге.
— Бұқар жырау
Адамның ең асылы - қиянатсыз, ақ пейіл адам.
— Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ашумен қылған іс - іс болып жаратпайды. Бойды ашуға билетпе.
— Шәкәрім Құдайбердіұлы
Көңілі жұмсақ адамның күрмеуін тағдыр шешеді.
— Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ең зиянды адам - мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек - осы төртеуі кімнің бойында болса - сол шын адам..
— Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан.Күні бұрын жуытпа маңайыңа,Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан.
— Шәкәрім Құдайбердіұлы
Мінез-құлық міні — рухани кеселге жатады.