«Қарағандылықтар да Отан үшін шайқасты»


Кіріспе бөлім

«Қарағандылықтар да Отан үшін шайқасты»

Негізгі бөлім

«Нүркен Әбдіровтың ерлігі - біздің мақтанышымыз»

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Мерзімі:

І. Жұмыстың сипаттамасы

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Жерлесіміз Батыр Нүркен Әбдіровтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңындаөскелең ұрпаққа тың деректер ұсыну.

Ғылыми жұмыстың міндеттері:

  • Батырдың биографиясын ашыпкөрсету;
  • Тарихи деректерді сұрыптау;
  • Жинақталған мәліметтерді жәдігер ретінде мектеп мұражайына табыстау:
  • Алдына қойылған сұраққа немесе мәселені шешуде оптимальды (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдылану, ұмтылу.
  • Осы мақсатты ескере отырып, дүниетанымдық қызығушылығымды арттыру барысында ойлау қабілетімді дамыту үшін әртүрлі деректерге қатысты мәліметтерді жинақтауды жүзеге асыруды жөн көрдім.

Жұмыстың өзектілігі

Қарапайым қазақ баласы Н. Әбдіровтың өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұр.

Зерттеу әдісі

Бұл жұмысты жазу барысында ғылыми әдебиеттермен жұмыс, жинақтау, жүйелеу, түсіндірмелі әдістер, зерттеулер қолданылады.

Кіріспе бөлім

«Қарағандылықтар да Отан үшін шайқасты»

 Облыс еңбекшілерінің Отанды қорғауға өз еріктерімен жаппай өтініш беруі олардың нағыз отансүйгіштік, патриоттық сезімінен туындады. Соғыс басталысымен мыңдаған қарағандылықтар əскери комиссариаттарға келіп, өздерін Қызыл Армия қатарына алуға өтініш білдірді. 1941 жылдың соңына қарай облыстың əскери комиссариаттарына 25 мыңнан астам өтініш түсті, оның 10 мыңын қарағандылық қыздар жазған еді.

 Соғыс жылдары майданға барлығы 45 мыңға жуық адам жіберілді. Қарағандылықтар Отан үшін өшпес ерлік көрсетіп, жан қиярлықпен айқасты, Олар Ленинградты, Сталинградты қорғады, Курск шайқасына қатысты. Украинаны, Молдавияны, Румынияны, Венгрияны неміс-фашист басқыншыларынан азат етті.

 Орталық Қазақстанда Қызыл Тулы 72-гвардиялық Красноград атқыштар дивизиясы, 387- Перекоп атқыштар дивизиясы жəне Ленин орденді 310-Новгород Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы жасақталды.

72-атқыштар дивизиясы Сталинград бағытында шайқасып, Қырым мойнағына дейін ұрыспен жүріп өтті, Перекоп бекінісін алуға қатысып, Севастопольды, Бухаресті азат етті.

 310-дивизия Ленинград түбіндегі, Тихвин маңындағы, Волхов майданындағы ұрыстарға, Ленинград қоршауын бұзуға қатысты, Новгород пен Карелияның оңтүстік аудандарын жаудан азат етті, Шығыс Померанияны жəне Берлин операцияларына да қатысты. Сонымен қатар қарағандылықтар партизандар қозғалысына да белсене араласып, өз жерін қорғауғада теңдесі жоқ ерлік көрсетті.

 Ортақ Отанды қорғаушылардың сапына тұрған қарағандылықтар арасынан облыста туып өскен немесе еңбек еткен 18 адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, бұлардың ішінде Н.Əбдіров, М.Мамыраев, Қ.Нұржанов А.Дəулетбеков жəне тағы басқалары. 3 адам Даңқ орденінің үш дəрежесіне бірдей ие болды.

 Фашизмге қарсы күресте көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін 6587 қарағандылық Кеңес Одағының ордендерімен жəне медальдарымен марапатталды.

 Қарағандылықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында ерлікпен шайқасты.

Негізгі бөлім

«Нүркен Әбдіровтың ерлігі - біздің мақтанышымыз»

Көп жылдар бойы Ұлы Отан соғысының тарихы бойынша, қазақ ұшқышы Николай Гастеллоның ерлігін қайталады деген тұжырым үстемдік құрып келді. Ал соңғы жылдарда анықталған бұлтартпас деректер қазақ қаһарманы Нұркен Әбдіровке дейін мұндай ерлік жасалмағанын айғақтады. Тіпті Гастеллоның экипажы ерлік жасады деген жерден капитан А.Масловтың экипажының мүрделері табылып, Николай Гастеллоның экипажы жау колоннасының үстінен «отты таран» жасамаған болып шықты. Ендеше екінші дүниежүзілік соғыс тарихындағы бұл бұлыңғыр оқиғаны тарихшылар еншісіне қалдырып, осыдан 75 жыл бұрын қаһармандық қайсарлықтың қайталанбас үлгісін көрсеткен қандасымыз Нұркен Әбдіровтің көзсіз ерлігін Ұлы Даланың ұландарына ұлағат ету парыз. Нұркеннің 1942 жылғы 19 желтоқсанда жасаған соңғы көзсіз ерлігінің тірі куәгерлері бар. Олар өздерінің өшпес естеліктерінде бұл батырлық оқиғаны деректі құжаттармен хатқа түсіріп, тасқа басып, хаттап кеткен. Соның бірі жауынгерлік тапсырмаға Нұркен Әбдіровтің экипажымен бірге шығып, қанаттаса ұшып, жау әскерін бомбалаған Алексей Писанконың экипажы болатын. Осы бір қайталанбас қаһармандықты соғыстан кейін Алексей Писанко былай еске алған екен. «Нұркеннің ұшағына оқ тиіп лапылдап жана бастағанда қанаттас досы Леша Писанко ұрыстан шығуын сұрап айғай салады. «...Нұркен Әбдіровтің оқ тиген ұшағы лапылдап жаңа бастады. Леша Писанко радиоэфир арқылы: «Ұрыстан шық, мен сені қорғаймын, өзіміздің шепке қарай бұрыл!» деп жанталаса айғайлады. Әбдіров өзінің отқа оранған ұшағын жанар-жағармай таситын машиналардың жанына шоғырланған неміс танкілеріне қарай бұрды. Жалындаған алты тонналық ұшақ жанар-жағармай құйылған цистернаға соғылды. Жойқын жарылыстан жер сілкінді. Кейіннен белгілі болғандай, Нұркен Әбдіров пен оның атқышы Александр Комисаров қыршын өмірлерін қиып, жаудың 6 танкісін, 2 зеңбірегін, ондаған солдаттары мен офицерлерін жойды. Фашистердің танк колоннасына қарсы «отты таран» жасап бара жатқан Нұркеннің соңғы сөздері менің есімде мәңгі сақталып қалды: «Қош бол, Леша! Қарағандыға хат жаз!.. Ал жауыздар, сақтаныңдар!» (Э.Аубакиров). Осы ретте ажал апанының алдындағы ақырғы сөзінде туған топырағына жалынды сәлем жолдаған ержүрек оғланның соғысқа дейінгі қысқа ғұмырына көз жүгіртсек. 1938 жылдың қарашасында Қарағанды облысы прокуратурасының аға хатшысы Н.Әбдіров «запастағы пилот» атағын алу үшін сынақ комиссиясына туған жерінен анықтама болмауына байланысты енгізілмей қалады. Соның салдарынан 14 қараша күні облыс прокуроры Алдияровқа жазбаша шағымданады: «Мен облыстық прокурордың атынан Еңбек (бұрынғы №5) ауылдық кеңесінің төрағасына (көшірмесі «Совет» колхозының төрағасына) әлеуметтік жағдайымды және әлеуметтік шығу тегімді көрсететін анықтама жазып жіберуді сұраған хат жібердім. Өкінішке орай, күні бүгінге дейін жауап ала алмай отырмын. Ауылдық кеңестің және колхоздың төрағаларына ықпал етуіңізді сұраймын. Бұл анықтама ұшқыш ретінде емтихан тапсыру үшін ҚХК комиссиясына өткізу үшін қажет». Бұл, ауылдас ағайынның «шабандығына» жазылған шағым емес, болашақ батырдың алға қойған мақсатының орындалмай қалуынан қауіптеніп, шарасыздықтан жазылған хаты сияқты. Ал сондағы, Еңбек ауылнайының кешеуілдетіп жолдаған анықтамасы төмендегідей екен: «Бұл анықтама Қарқаралы ауданы, Еңбек ауылдық кеңесінің азаматы Әбдір Жакеевке берілді. Ол әлеуметтік тегі бойынша жалшы, 10 жыл бойы Жабақ байдың жалшысы болған. Сотталмаған. 1. Әбдір 56 жаста, 2. Әйелі Бағжан 42 жаста, 3. Ұлы Нұркен 18 жаста. Еңбек ауылдық кеңесінің төрағасы, Елеусізов...» Нұркенге (жалпы сол заманда) бұл құжаттың өзінен бұрын, ішіндегі «по соц.происхождению является батраком» деген «дәлелі» қажет еді. Осыдан соң Нұркен «запастағы пилот» қатарына қабылданған. Бұл аспанға құлаш ұрған қыран Нұркеннің қайратты қадамының басы болатын. «Шорманбай би Жарас-Оспан молданы ауылына арнайы көшіріп әкеліп балаларды оқытқан. Нұркеннің жас болғанымен Оспан молдадан дәріс алуға деген құштарлығы ересен болды. Сол кезде әптиекті оқып, жазу-сызуды шалалау болса да меңгеріп қалған еді», деп еске алады Нұркеннің ауылдасы Ахметбек Әрінов. Бала Нұркеннің, молдадан алғашқы хат тануына жол ашқан Шорманбай би кім? Оқырманға түсінікті болуы үшін әңгімені әріден – А.Әріновтің естелігінен бастайық. Ол үшін әуелі қазақтың энциклопедиясы – ру шежіресіне жүгінелік. Аталған тарихи кітаптың 169-177 беттерінде «Батыр Нұркен Әбдіровтің ата-тегі, өскен ортасы» атты мақала орын алған. Мақалада Нұркеннің ру-шежіресі төмендегідей баяндалады (сөзбе-сөз): Қаракесек шежіресіндегідей Болатқожадан Түйте, одан Майқы, Майқыдан Әлтеке, Сарым, Сарымнан Өтеміс, Тоқсан өрбіген. Өтемістің алтыншы ұрпағы Жайлы деген кісі екен. Жайлының туып-өскен мекені Ақтоғай ауданындағы Жәміш өзенінің сағасы. Жайлының алған әйелі Бөргөз руынан (Бөргөздің ұрпақтары қазіргі Нұркен, Аппаз елді мекендерінде тұрады. Авт.) Сегіздің бірі – Дуалының Мөжік деген кісінің Қарқас дейтін қызы. Сол Жайлыдан бес ұл: Әбдір, Әбдікеш, Нұрлыбек, Қарсыбек, Жасыбек өрбиді. Аралары бір-бір жасар үйелмелі-сүйелмелі бес баланың әкесі Жайлы қайтыс болып, үрпе-шүрпе жетімдердің күн көрісі өте қиын халде қалады. Шорманбай «Шоқпартас» деген күзегіне жайлаудан ертерек келіп, арасы тақау қыстағына жиі қатынасып, жылы үйдің жанындағы шошаласының төбесін жауып, күрделі жөндеуден өткізіп, Әбдірге үй етіп салып береді. Сол қамқорлықтың арқасында ағайынды Әбдір мен Әбдікеш сенімді Шорманбай бидің отбасымен араласып, бір туысындай балалы-шағалы болған. Үлкен ұлы Сәрсеннен кейін 1917 жылы Сәдірбек, 1919 жылы Нұркен дүниеге келіп, басқа да бала-шағасымен молшылыққа кенеледі. Шорманбай би өз алдына үй болып отырсын деген оймен Әбдірге Жарас Айнабай дегеннің қызы Бағымды, Әбдірдің інісі Әбдікешке өзінің немере туысы Нұрмағамбеттің Кәкіш деген қызын қосып, басына үй тігіп беріп, отау етіп шығарады (Әбдікештің ұрпақтары бұл күндері Нұркен ауылында тұрады. Авт.). А.Әрінов Нұркеннің отбасына қатысты 1928-ші зұлмат жылдарды былайша еске алады: «...Ауылдық кеңеске хат танымайтын, елге бір ауыз ақыл айтуға жарамайтын, «ауызынан сөзі, қойнынан бөзі түскен» надан ...ов дегенді жіберіп, ел жағдайын тіпті асқындырды. Кісі түңілер сұмдықты ауызбен айтып жеткізіп, қағазға түсіру мүмкін емес. Елге сүйеу болып отырған Шорманбай бидің баласы Қасенді құлаққа тартқанда ара түскен Әбдірге «бидің құйыршығы» деп қамшы үйіретін болды. Сонымен шалқып отырған 60 үй атанатын 124 отбасындағы 527 адамнан 1933 жылдың жазында 37 отбасы 110 адам ғана қалған...» Ахметбектің айтуынша, Шорманбайдың баласы Қасен болжамды кісі болған. Туып-өскен жерінің өздеріне тұрақ болмайтынын аңғарған Қасен, досы Әбдірмен ақылдасып шөп қорын үзбей, мөлшерден артығын жан баспайтын, асылы белсенділердің көзі жетпейтін «Керегетастың» шатқал-сайына апарып үйіп қойған. Соңынан, екеуі бала-шағасын алып бір түнде Қарағандыға көшіп кеткен. Осы кезден бастап Нұркеннің жаңа қалалық өмірі басталады. Нұркеннің өз қолымен жазылған «личный листок по учету кадров» құжатында 1919 жылы Қарқаралы ауданы, №5 ауылда туғаны, 1930-35 жылдары аралығында Қарағанды қаласында №1 мектепте оқып, толық емес орта – 6 сыныптық білім алғаны, 1935-37 жылдары Қарағанды қаласында Горный техникумда оқығаны, 1938-39 жылдары Қарағанды қаласында аэроклубта сырттай оқып «запастағы пилот» мамандығын алғаны, 1936 жылдан кәсіподақ мүшесі, 1937 жылдың 19 қазанында Қарағанды қаласы «Инфекционная больница при горздраве» – мед.статистик, №1 шахтада –кітапхана меңгерушісі, облпрокуратурада – іс басқарушы қызметтерін атқарғаны, Қарағанды қаласы, Аманкелді көшесі №18 үйде тұратыны жазылған (ҚОММ.қор-1314). Құжаттарға қарап Нұркеннің орысшаны өте жетік меңгергенін, жазуының мейлінше әдемі болғанын байқауға болады. Нұркенді прокуратура саласыныңхалықтергеушісіне (народный следователь) тағайындаутуралыоблыс прокуроры АхметТапеновтіңбергенмінездемесінде: «тов.Абдиров с работой вполне справлялся по линии администрации взыскании не имел...» депжазылғанекен. ҮлгілімінездемеалғанНұркенхалықтергеушісіқызметінежоғарылатылған. Сталин аудандықәскери комиссары Тарасовтыңоблыспрокурорынажазған 1939 жылдың 4 тамызындағы № 02 хатында: «Допризывник тов. АБДИРОВ НУРКЕН зачислен в военное училище с 5-го августа с/г подлежит отправке. Поэтому произвести полный расчет с выплатой 2-х недельного выходного пособия...» делінген. ОсыдансоңНұркенніңәскериөмірібасталады. Олосоавиахим-де (азаматтардың «өзеркімен» соғысқадейінгіжеделдетілген, қысқамерзімдідайындалукурстары, кейін – ДОСААФ) алған «запастағы пилот» мамандығынәскерқатарынашақырылғансоң да жалғастырып, 1941 жылыК.Ворошиловатындағы Чкалов әскери-авиациялықұшқыштармектебінтәмамдап, сержант шеніналады. Аталмышоқуорны 1940 жылғадейін офицер кадрларындаярлайтынболған. Офицердіқамтуқымбатболғандықтан болу керек, мектептісержанттардаярлайтынетіп, төмендетіпқайтажабдықтаған. Жалпы, Нұркенніңсоғыстарихыөзөміріндейөтеқысқа – ол 1942 жылы 28 қазанданебары 23 жасындасоғысқаеніп, солжылдың 19 желтоқсанындаерлікпенқазатапқан. НұркенӘбдіроверлікжасаған – 1942 жылдың 19 желтоқсаныныңертеңіне, яғни, 20 желтоқсанкүні 808-ші шабуылдаушы авиаполк командирі, капитан Красночубенко «Наградной лист» толтырып, Н. ӘбдіровкеКеңесОдағының Батыры атағын беру туралыжоғарыбасшылыққажолдайды. Онда (сөзбе-сөз): «Жаушебінеқарсы 16 ретұшубарысындаӘбдіров: Жаудың 12 танкісін, жүкжәнесолдаттартиелген 28 автокөлігін, 13 қару-жарақтиелгенарбасын, 1 цистерна, 3 дзотын, 3 зеңбірегінжәне 50-ге жуықсолдаттары мен офицерлерінжойды. 19.12.42 жылғы, өзініңсоңғышабуылыкезінде 6 танк, 2 зеңбірекжәне 20 жау солдаты мен офицерініңкөзінжойды. Отқаоранғанұшағыменфашистердің танк колоннасынасоғылды. Әбдіровтіңнемісбасқыншыларынақарсыкөрсеткенкөзсізерлігі мен қаһармандығыКеңесОдағының Батыры атағыналайық, қазатапқаннанкейін», депжазылған. КомандирдіңұсынысынОңтүстік-батыс фронты әскерикеңесініңмүшелерітегісқолдайды. Аталғантарихиқұжатта (сөзбе-сөз): «31.03.43 жылғыжарлықбойыншаКеңесОдағының Батыры атағыберіліп, Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз» медаліқосатапсырылды», депкөрсетілген. Кеңестарихында «НұркенГастеллоныңерлігінқайталады» депжазылыпкелді. Жоқ, Арқакіндігі – Қарқаралытопырағында, Жиренсақалдыңетегіндетуғанқазаққыраныөзгеніңәрекетінееліктемеді, олдаралығынан, өзалдынадербесжәнеқайталанбасерлікжасады! Иә, ерлікпенқазаболғанына 75 жылтолғанНұркенніңерлігі, батырлығынаберілгенмарапаттарыжайлыкөптепжазылыпкеледі, түсірілгенкиножурналдар мен тұрғызылғанескерткіштер де жетерлік. Қазаққыраны – НұркенӘбдіровескерткішіқазақтыңендаласыныңқайбөктеріндетұрса да жарасымды, шүйілгенқырандайтұлғасы, жүрегіқазақпындепсоғатынәрқазақұлынарухберіптұрғандай. Күндейкүркірепөткенсоғыстыңзаты – жойқын, аты – әлемдік. Демек, оләлемдебейбітшіліктіңорнауынаүлесқосқан батыр.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Перзидиумның 1943 жылғы 31 наурызындағы Жарлығы бойынша оған қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.Соғыс басталғанда Нұркен Орынбордың авиаучилищесінің курсанты болып оқып жүрген болатын. Оқуды бітіргеннен кейін оған қысқа мерзімді демалыс беріледі, бірақ ол демалыстан бас тартады. «Мен, - деп жазды ол үйіне, - фашистердің үнін ажал оғымен өшіру үшін асығып, үйге бармадым...».

1942 жылы 9 қазанда сержан Н. Әбдіров 267-шабуылшы авиация дивизиясының құрамына кіретін 808-шабуылшы авиация полкіне келеді.

23 қазанда ол тұңғыш рет жауынгерлік тапсырмамен ұшады. «Менің қолыма қорғасыннан жауға сыйлық тартатын тез ұшатын самолет тиді, - деді ол ұшар алдына жазған хатында. – Егер фашистерді біз жоймасақ онда олар бізді жояды, көңілді, бақытты өмір қайтып оралмайтын болады...» Нұркеннің ұшқыштық шеберлігі ұрыстан-ұрысқа дейін арта түсті. Нүркеннің ұшқыш Алексей Писанко, Петр Вычукжанин мен өзінің атқышы Саша Комиссаровпен жауынгерлік достығы майданның қатал жағдайында қалыптасады. Нұркен жауынгерлік тапсырмамен 16 рет ұшқынада фашистердің он екі танкісін, жиырма сегіз жүк машинасын, оқ-дәрі тиелген 18 машинасын, жанар май құйылған үш цистернасын, үш зеңбірегін және елуден астам жауынгері мен офицерін жойды.

1942 жылы 19 желтоқсанында соңғы 17-ші жауынгерлік тапсырманы орындап шығуға ұшып шықты. Бұл күні Нұркен Боковсая-Пономаренка ауданындағы дұшпанның көптеген танктер шоғырланған және күшті бекінген шебіне «ИЛ-2» самолеттер звеносын бастап баруға бұйрық алды. Әбдіров жаудың бірнеше дзотын, зенитті артиллериясының екі ұясын, алты танкісін жойды. Бірақ гитлершілер зенитчиктер Нұркеннің самолетіне оқ дарытып, самолет жана бастайды, самолеттен секіруге болатын еді, бірақ Әбдіров бұл ойдан аулақ болды. Ол капитан Гастелло сияқты өзінің жанған машинасын неміс техникасының шоғырланған жеріне қарай бағыттады.

Екінші самолеттің ұшқышы Алексей Писанко «Қош бол, Леша, Отанға деген менің жалынды сәлемімді жеткіз. Қарағандыға хат жазып жібер. Қош бол, досым!» - деген Нұркеннің ақырғы сөзін шлемофоннан естіді. Нұркен самолеттегі өзінің экипажымен, лапындаған жалын құшағында жау танктерінің қалың ортасына барып сүңгіп кетті. Онымен бірге ондаған фашист жауынгері мен офицерлері де келмеске кетті. Н. Әбдіров талай әуе шайқасына қатысып, ерлік пен өжеттік, әскери шеберлік танытты, әр тапсырманы мұқият орындап отырды. Қазанның 23 күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: "Егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз..." Қарапайым қазақ баласы Н. Әбдіровтың өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұр.

Батырлар мәңгі жасайды дейді халық. 1944 жылы Қарағанды шахтерлерінің өз еріктерімен берген қаржысына жасалған Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров атындағы самолет фашистерге қарсы ұрысқа кірді.

Батырдың есімі өшпейтін болды. Нұркен Ростов облысындағы Вешенск ауданының Коньки хуторындағы бауырластар зиратына жерленген. Әбдіровке Қарағандыда, батырдың туған жері – Қарқаралы ауданының Нұркен Әбдіров атындағы  совхозында ескерткіш қойылған.Боков орта мектебінің 13-пионер отрядына батырдың есімі берілген. Батырдың анасы Бағжан Боков станицасының құрметті азаматы болып сайланды. Құрметті қонақты, Батырдың анасын өз станицасында Михаил Александрович Шолохов жылы шыраймен қарсы алды.Батырдың ерлігін бүкіл ел мақтаныш етеді. Ростов облысының Вешенск ауданның Н. Әбдіров жерленген Коньки хуторында, Қарағанды қаласында, сондай-ақ өз есіміндегі ауылда (батырдың туған жерінде) Н. Әбдіровке ескерткіштер орнатылған. Қарағандыда Н. Әбдіров атындағы даңғыл бар. Жыл сайын Н. Әбдіров атыңдағы жүлде үшін еркін күрестен жарыс өткізіледі. Волгоградтағы Мамаев қорғанының етегінде Н. Әбдіров бейнелі зираты жасалған. Қарағандыдағы кеншілердің Мәдениет сарайының репертуарына Нүркен Әбдіров туралы балет енгізілген (музыкасы А. Руденскийдікі). Н. Әбдіров туралы Г. Якимов жазған «Мәңгілік өмір шыңына» («Пике в бессмертие») атты деректі повесть (Алматы, 1966 жыл) бойынша «Қазақтелефильм» студиясы фильм шығарды.

Қарағандыда Кеңес Одағының Батыры, атақты ұшқыш Нүркен Әбдіровтің ескерткішін жаңғырту жұмыстары басталды. Қалалық саябақтар басқармасының хабарлауынша, жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 9 миллион теңге бөлінген.

Қарағандыдағы Н. Әбдіров ескерткіші өзінің атындағы алаңға 1958 жылы орнатылды. Ескерткіш авторлары - мүсіншілер Анатолий Билык пен Юрий Гуммель, сәулетші Л. Воробьев. Композиция биіктігі - тоғыз метр, ал мүсіншойыннанқұйылған.

\

Қорытынды

Батыр атындағы ауылда есімі берілген № 10 орта мектептің мұражайында деректер мен фотосуреттер жинақталған. Мектеп дәліздерінде арнайы стендтермен жабдықталып, жыл сайын жанартылып отырылады. Бұл жерлерде кездесулер, сынып сағаттары үнемі өткізіліп, жас ұрпаққа насихаттау жұмыстары жүргізіліп отырылады.

Нүркен Әбдіров – қазақ топырағынан шыққан Кеңес Одағының Батыры. Ол жайында, оның ерлігі жайында айтып тауысу мүмкін де емес. Сұрапыл соғыс заманында көрсеткен теңдесі жоқ ерлігі ғасырдан-ғасырға дастан болып қала бермек. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • «Қазақ қыранының қайталанбас қаһармандығы. Қазақтың қаһарман ұлы Нұркен Әбдіров туралы» Ж. ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»
  • «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы»
  • https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/9_mamyir_2015/28135/
  • Т. Кәкiшев. «Мәңгi жасар өмiр» Н. Айтов. «Нұркен»
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу