» » » Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Кеңес Одағының батыры Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнес батырлық тұлғасы

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Кеңес Одағының батыры Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнес батырлық тұлғасы

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Кеңес Одағының батыры Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнес батырлық тұлғасы казакша Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Кеңес Одағының батыры Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнес батырлық тұлғасы на казахском языке
Мақсаты: Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерей тойы қарсаңында Ұлы Отан соғысы кезінде өзінің елі, жері үшін аянбай ерлік көрсеткен Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Кеңес Одағының батыры - Рақымжан Тоқатаев туралы мәлімет беру, өшпес ерліктерін уағыздау жолында зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Міндеттері:
1. Рақымжан Тоқатаев жайындағы ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.
2. Ұлы Отан соғысы кезінде жеңіске қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың бірі Рақымжан Тоқатаевтың өшпес ерліктерін жаңғырту.
3. Халқымыздың біртуар азаматы жайында жан – жақты зерттеп, тарихқа беймәлім жақтарын ашу.

Өзектілігі: Рақымжан Тоқатаев – ғасырлар өтсе де, заман өзгерсе де өзі өмір сүрген заманы мен өмірінде еңбек етуден тынбаған, сол арқылы халыққа қызмет етуден жалықпаған бірден - бір тұлға екендігі жан - жақты дәлелдемелер арқылы ашылды. Оның кейінгі ұрпаққа қалдырған ізгі істері өз күшін жойған жоқ. Сондықтан, Рақымжан атамыздың ісін үлгі ету, сол арқылы адамгершілік рухы жоғары жас ұрпақты тәрбиелеу.

Болжамы: Рақымжан Тоқатаевтың ерліктерін зерттей отырып, оның өз заманында қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келесі таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады.

Зерттеу әдісі:
Рақымжан Тоқатаевтың мұражайына экскурсия жасау, туысқандарынан материалдар іздестіру, кітаптарды оқып материал жинау, фильмін қарастыру, жүйелеп жинақтау.
Зерттеуге негіз болған материалдар:
Туған туыстарының Р. Тоқатаев туралы білетін мәліметтері, баспасөз материалдары, отбасылық архивінен алынған құжаттар.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, зерттеу бөлімінен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер және қосымша тізімінен тұрады.

Баяндама (Тезис)
Бұл жұмыс өлкеміздің тарихта аты қалған тұлғаларын дәріптеуге арналған. Соның ішінде ХХ ғасырдың алапат соғысы Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Ұлы Отан соғысы болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтардың қолдарына қару бермей, ауыр тыл жұмыстарына алса, Ұлы отан соғысы кезінде Қазақстандықтар қолдарына қару алып бір кісідей майданға барып, Отан қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге арзанға түспегені әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кеткені баршаға аян.
Сол Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен өзіміздің жерлесіміз Рақымжан Тоқатаев атамыздың халық білмейтін тұстарын әр жас ұрпақ білуі тиіс. Сондықтан зерттеу жұмыс барысында осы адамның өмірі мен қызметіне шолу жасалды. Тоқатаев фашистердің төбесіне оқ пен от ойната жүріп Бердычев, Винница, Чертков, Дороговичи, Самбор, Санок, Мукачев, Ужгород қалалары мен қоса Чехословакия жеріндегі Михаловск, Кишица, Зару деген қалаларды неміс басқыншыларынан азат етті. Кеңес Одағының Батыры Рақымжан Тоқатаевтың ерлігі мен мергендігі жайында «Сталинское знамя» атты майдан газеті бұл оқиға туралы 1945 жылы осылай жазған: Н... елді мекен маңайында болған біздің бөлімге, тіпті бүкіл әскери құрамында танымал болды. Сержант Рақымжан Тоқатаев танкке қарсы 76 мм зеңбіректің жетекшісі, жауынгерлік ерлік көрсетіп, бір ұрыста 13 неміс танкісін атып жойды.». 1946 жылы қаңтарда әскер қатарынан босап, Қаракемер ауылындағы Киров атындағы орта мектепте мұғалімдік қызметін жалғастырды. 1946 жылы тамызда Алматыдағы Абай атындағы пединститутында оқуға түсіп, 1950 жылы бітірді. 1950 – 1988 жылдары аралығында Есік қаласындағы Малькеев атындағы мектеп интернатында мұғалім, директор қызметтерін атқарған. Мен туған өлкемізде осындай батыр рухты қазақтың бар болғанын мақтан етемін. Ерен еріміздің ерлігін бағалап Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сонымен қатар Есік қаласында көше аты және Есіктегі қазақ мектебіне Рақымжан Тоқатаевтың есімі берілді. Мұның өзі көңілге қуаныш ұялатады. Қазақстан тарихы беттерінен лайықты орын алып, тіпті деректі фильм түсірілсе де, бірақ мұның беймәлім жақтары көп. Осы деректер менің қызығушылығымды оятады. Өйткені «Атаға қарап ұл өсер» дегендей жас ұрпақ аға буынға қарап сап түзейді емес пе?

Қорытынды: Сөз соңында айтарым, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау» деген. Сондықтан да менің жұмысымның түпкі мәні - осы......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: araylym94 | 139 |


Загрузка...

KZ / Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін], гылыми Кеңес Одағының батыры Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнес батырлық тұлғасы жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар ғылыми жұмыстар пән, Кеңес Одағының батыры Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнес батырлық тұлғасы, гылыми Кеңес Одағының батыры Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнес батырлық тұлғасы жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа сборник готовых научных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые научные работы про, Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Кеңес Одағының батыры Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнес батырлық тұлғасы Қазақша Ғылыми жоба мен жұмыстар жинағы