Тарих | В И Пацаев атындағы мектеп тарихы

 Тарих | В И Пацаев атындағы мектеп тарихы

Тарихы терең, тағлымы мол білім ордасы
2012 жылы біздің мектебіміз 80 жылдық мерейтойын белгілеп өтті.
80 жыл – бұл дүние тарихы үшін қысқа мерзім, ал білім ордасы үшін – тарихтың бір бөлігі.
Мектеп құрылысы 1929 жылы жергілікті бор карьерінен алынған бор блок материалынан басталды. 1932 жылы ашылған мектеп Алға темір жол станциясындағы жалғыз ғана білім ордасы болған. Заман талабына сай 1967 жылы мектептің оқу корпусы, оқу кластары, спорт зал, оқу шеберханасы, асхана т. б. қажеттілігіне байланысты жаңадан салынды.
Орта мектеп ретінде 1939 жылы алғашқы түлектер бітіріп шықты.

Мектептің өткен тарихына жүгінсек, 50 ден астам адам белгілі ғалым, ұстаз, инженер, дәрігер, ауыл шаруашылығының мамандары атанды. Түлектер арасында ҰОС қатысушылары, ұшқыш, профессор, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары да бар. Бүгінгі таңда мектеп тарихында Кеңес Одағының батыры, ұшқыш – космонавт, алғалық В. И. Пацаевтың есімінің болуының өзі зор мақтаныш.
Сонымен қатар экономика ғылымының кандидаты А. Мусин,
Ж. Досқалиев - медицина ғылымының докторы, академик,
А. Нұрлыбаев – математика ғылымының докторы, профессор,
Н. А. Шостак – Кремль ауруханасының бас дәрігері, медицина ғылымының докторы,
Т. И. Хмеленко – Мәскеу қаласы Красная Пресня аудандық ауруханасының бас дәрігері,
Г. Ф. Макшанцев – техника ғылымының кандидаты,
А. З. Петренко – биология ғылымының кандидаты,
Т. Толбаев – химия ғылымдарының кандидаты,
М. К. Тулеуов – Семей медакадемиясының ректоры,
С. А. Таженов – Алға аудандық ауруханасының бас дәрігері

Сондай – ақ осы мектепті З. М. Бектемирова – «алтын», М. В. Иванюра мен С. А. Феодеренко – «күміс» медал мен бітірген.
Мектебімізде ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, еңбек ардагерлері атанған 21 жыл мектептің оқу ісіне жетекшілік етіп, 1966 жылы №3 орта мектеп директоры болған – К. Ф. Макшанцева, сондай – ақ Ұлы Отан соғысына қатысқан орыс тілінің маманы – М. С. Сенченко.

1972 жылы мектепке В. И. Пацаевтың аты берілді. Ол оқыған класс бөлмесінде батыр ұшқыштың өмір жолы мен ерлігін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында шағын мұражай ашылды. Бірінші болып В. В. Смирнова жетекшілік еткен музейге тек қала тұрғындары ғана емес, өзге аудан, облыстан, тіпті басқа республика мен мектептерден де келушілер кездесті.

Солардың ішінде ғарышкер - ұшқыштар А. Рукавишников пен В. Севастьянов, Пацаевтың туысқандары да бар. Батырдың алғашқы ұстазы Н. Г. Мельниченко мектеп оқушыларымен кездесіп, В. И. Пацаевтың балалық шағы, оқушылық жетістіктері туралы айтқан естеліктерінің тәрбиелік мәні зор болды.

80 жыл ішінде осы ұжымды ұрпақ тағдырына алаңдап, мектеп жұмысын жетілдіруге атсалысқан ұстаз атына лайықты талай білікті педагог – директорлар басқарған. Мектеп тарихында еңбегімен есімі еленіп, білім ордасында өз қолтаңбасын қалдырған директорлардың алар орны бөлек......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі