Пейіл туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 99
Өлеңдер: 17
Нақыл сөздер: 11
Әңгімелер: 1

Ұсақшыл болсаң ұтыласың,Кең пейіл болсаң құтыласың.
©  Жәди Шәкенұлы
Шедевр, біріншіден, – таң қаларлық, екіншіден – жақсы пейілдің мазасын алып, əуреге салмайды.
©  Роберт Вальзер
Кім-кімді дос тұтса, соған пейілін білдіріп қойсын.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Ана тұлғам,Пейіліңнен дара туған,Бар болмысың мейірімнен жаратылған.Ғасырларды уақыт арқалатқан,өзің жайлы аңыздан дала тұнған.«Домалақ ана» өлеңінен
©  Сабырбек Нұрманұлы
Тар пейілді кеңімес,Кең пейілді кемімес. 
©  Бұқар жырау
Пейілі кең — кемімес, пейілі тар — кеңімес. 
©  Бұқар жырау
Пейілі кең кемімес, пейілі тар кеңімес. 
©  Бұқар жырау
Адамның ең асылы - қиянатсыз, ақ пейіл адам. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ең зиянды адам - мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек - осы төртеуі кімнің бойында болса - сол шын адам..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Достық туралы көп сөзден дос пейілді бір іс артық.
©  Тоқсары
Пейілі кедей байдан сақта.
©  Абай Құнанбаев