Сыр өңірінің қылқалам шебері ғылыми жоба
Қалалық білім бөлімі
№211 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп
«Зерде» оқушылардың зерттеу жобалары
мен шығармашылық жұмыстары республикалық
конкурсының облыстық кезеңі
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Тақырыбы: «Сыр өңірінің қылқалам шебері»
Бағыты: Тарих
Орындаған: Сәкенқызы Мадина
№211 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта
мектептің 6 «ә» сынып оқушысы
Пән оқытушысы: Батракова Лаура Майданқызы
№211 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта
мектептің тарих пәнінің мұғалімі
Ғылыми жетекші: Дастан Сәтбай Яхияұлы
Қорқыт Ата атындағы ҚызМУ- дің тарих
ғылымының доценті, докторы, профессор.
Қызылорда
Қызылорда қаласындағы А. Байтұрсынов атындағы
орта мектептің 6-сынып оқушысы Сәкенқызы Мадинаның
«Сыр өңірінің қылқалам шебері» атты ғылыми жобасына
ПІКІР
Бұл жұмыс 1940 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келіп, 1972 жылдан бастап Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының бас суретшісі болып, театрдағы 50 жыл ішінде екі жүзден астам қойылымдардың эскизін жасап, 2017 жылы 77 жасқа қараған шағында өмірден өткен Серік Пірмахановтың қызметтік - шығармашылық ғұмырына арналған.
С.Пірмахановтың өмірін зерттеу барысында мынадай ізденіс жұмыстары жүргізілген: отбасымен кездескен, туындылары мен кітаптарын зерттеген, облыстық тарихи - өлкетану музейінің архивінде сақталған медальдары мен құжаттарымен танысып, Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры Әбдікәрімов Мұхит Сұлтанұлымен, қазіргі театрдың бас суретшісі Қалымбетов Нүркенмен және әдебиет бөлімінің меңгерушісі Қылышбаева Ұлбосын Мұхаммедқызымен кездесіп, әңгімелескен. Серік ағамыздың «Қылқалам шерткен жыр ғалам» деген кітабымен және спектакльдерге дайындалған буклеттермен танысқан, «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбаты жазылған бейнероликті қолданып, драмтеатрдың музейінде өзі сюжет түсірген.
С.Пірмахановтың өмірі, шығармашылығы, театр саласындағы қызметі, жетіс-тікке жету жолындағы қиыншылықтары, алған марапаттары тақырып бойынша жасалған презентацияда айқын көрініс тапқан. Қаламгердің қойылым эскиздеріне түсініктеме беріліп, «Абай» спектакліне Серік ағаның өз қолымен жасаған эскиз макетін қолданған.
Ғылыми жобаның теориялық маңыздылығы сол – оқушының пән мұғалімімен жүргізген ізденіс жұмыстары Қазақстанның мәдениет саласындағы ҚР-на еңбегі сіңген қайраткердің өмір жолымен толықтырылды.
Ғылыми жобаның практикалық маңыздылығы ретінде мынаны айтуға болады.
Жас ұрпаққа сурет өнерінің қыр - сырларын айтып түсіндіруде қолдануға, оқушылардың осы өнерге деген қызығушылығын арттыруға және Қазақстан тарихы пәнінің өнер және мәдениет бөлімін өткенде оқушылар қосымша құрал ретінде қолдануына болады.
Жалпы зерттеуші өзінің тақырыбын толық дәрежеде қамтыған. Ғылыми жобаның орындалуы сауатты, мәнері анық, жазуы талапқа сай. Аталған жобаны қорғауға ұсынуға толық негіз бар деп есептеймін.
Дастан Сәтбай Яхияұлы Қорқыт Ата атындағы ҚызМУ- дің тарих
ғылымының доценті, докторы, профессор.
Аңдатпа
Ғылыми жобаның тақырыбы: «Сыр өңірінің қылқалам шебері»
Авторы: Сәкенқызы Мадина
№211 А.Байтұрсынов атындағы
орта мектептің 6 «Ә» сынып
оқушысы
Бұл жұмыс Сыр өңіріндегі Жалағаш ауданының тумасы, жерлесіміз, өз өмірін сурет өнеріне сарп еткен тұлға Пірмаханов Серік ағамыздың өмірі мен шығармашылығына арналады.
Жұмыста Қызылорда топырағында туып өскен қылқалам шебері өмірінің 50 жылын өнерге арнаған облыстық қазақ музыкалық драма театрының бас суретшісі С.Пірмахановтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде айтылады. Жас ұрпаққа сурет өнерінің қыр - сырлары айтылып, оқушылардың осы өнерге деген қызығушылығын арттырады.
Конкурсқа дайындалу барысында Серік ағамыздың туындылары мен кітаптарын зерттедік, облыстық тарихи - өлкетану музейінің архивтік құжаттарымен таныстық, Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры Әбдікәрімов Мұхит Сұлтанұлымен, қазіргі театрдың бас суретшісі Қалымбетов Нүркенмен және әдебиет бөлімінің меңгерушісі Қылышбаева Ұлбосын Мұхаммедқызымен кездесіп, әңгімелестік. Серік ағамыздың «Қылқалам шерткен жыр ғалам» деген кітабымен және спектакльдерге дайындалған буклеттермен таныстық.
Сыр өңірінің қылқалам шебері Серік ағамыздың отбасымен кездесіп, жары Жәмиля апаның әңгімелері арқылы, «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбаты жазылған бейнеролик арқылы нар тұлғаның бейнесі шынайы көрсетілген.
Аннотация
Тема научной работы: «Мастер кисти земли Сыра»
Автор: Сакенкызы Мадина
ученица 6 «Ә» класса
средней школы №211
имени А.Байтұрсынова
Эта работа посвящена уроженцу Джалагашского района, нашему земляку, который посвятил свою жизнь и деятельность изобразительному искусству Серику Пирмаханову.
Целью нашей работы является показать некоторые факты из его жизни и творческую деятельность в качестве художника театра.
Серик Пирмаханов работал главным художником – декоратором в Кызылординском казахском музыкальном театре имени Нартая Бекежанова. Он разработал много прекрасных декораций ко многим казахским народным и зарубежным спектаклям.
В этой работе говорится о разных сторонах этой профессий, развивается любовь молодого поколения к этому виду искусства. Он любил театр всем своим сердцем и работал там до конца своей жизни.
Во время подготовки нашей научной работы мы ознакомились с картинами и книгами С. Пирмаханова и архивными материалами историко - краеведческого музея, встретились и побеседовали с директором казахского музыкального театра имени Н. Бекежанова Абдикеримовым Мухитом Султановичем, главным художником Калымбетовым Нуркеном, заведующей отделом литературы Кылышбаевой Улбосын Мухаммедовной. Она показала плакаты и буклеты к спектаклям, рассказала о книге С.Пирмаханова «Қылқалам шерткен жыр ғалам».
Образ мастера земли Сыра показан правдиво порассказамегосемьи и жены Жамиля апа, из интервью с его участием в программе «Таншолпан» и по видеоролику сделанной участницей конкурса ученицы 6 –ого класса Сакенкызы Мадины.
Abstract
This work is devoted to Serik Pirmakhanov, one of the outstanding scene
painter, of our Republiс.
He was born in Zhalagash region of our oblast. Our aim of work is to show some facts from his life and his creative activity as a theater artist.
Serik Pirmakhanov worked as a chife decorator in the Kyzylorda Kazakh
Musical Theater by Nartay Bekezhanov. He developed many beautiful
decorations for many Kazakh national and foreign performances.
This work talks about theother sides of profession, develops the love of a
young generation of this kind of art.He loved theater with all his heart and
worked there for the rest of his life.
When we were preparing scientific work, we got acguainted with the
paintings and books of Pirmakhanov. We met and chatted with the director
of the Kazakh musical theater AbdikerimovMukhitSultanovich, with the
main artist KalymbetovNurken and with the head of the department of
literature KylyshbaevaUlbosynMuhammedovna, who talked about the book
«Kylkalamshertkenzhyrgalam»
According to the stories of his wife Zhamilya and family, the image of the
great master of the Syr was trustfully transmitted in the program
«Tansholpan» and video clip made by the participant of the competition,
6-th grade student SakenkyzyMadina .
Жоспары:
І. Кіріспе.
Серік Пірмахановтың өмірі, шығармашылығы мен театр саласын-
дағы қызметі. Презентациямен (слайдпен) жұмыс.
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Қаламгердің қойылым эскиздеріне қысқаша түсініктеме.
а) «Абай» спектакліне дайындалған эскиз макетімен таныстыру.
б) Буклеттермен таныстыру.
2. Серік ағаның марапаттары және жетістікке жету жолы.
ІІІ. Қорытынды.
Н. Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрында 50 жыл шығармашылықпен еңбек еткен Серік ағамыздың сурет өнерін дамытудағы қосқан зор үлесі.
«Сыр өңірінің қылқалам шебері»
Сәкенқызы Мадина
№211 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп, 6 «Ә» сыныбы
Жетекшісі: Батракова Лаура Майданқызы
I. Кіріспе.
Серік Пірмаханов - ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері.1940 жылы 11 қарашада Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1964 жылы Алматы бейнелеу өнері училищесін бітірді.Н. В. Гоголь еңбек жолын Қызылорда облыстық драма театрында суретші - декоратор болып бастады. 1972 жылдан бастап Н.Бекежанов қазақ музыкалық драма театрының бас суретшісі болып тағайындалады.Бұл театрдағы 50 жыл ішінде екі жүзден астам қойылымдардың эскизін жасады.77 жасқа қараған шағында өмірден өтті.Серік Пірмахановтыңқызметтік-шығармашылық ғұмыры Қызылорда театрының сахнасынан бастау алып, өмірінің соңына дейін осы театрдың жемісі мен жетістіктеріне ат салысып, куә болып өтті. Ол тек қана біздің театр емес, көптеген республикалық, облыстық театрларда спектакльдер қойып, республикамызға, тіпті кезінде Одақ көлеміне танымал суретші болып қалыптасқан еді.
Жұмысымның мақсаты:
Кез келген театр сахнасындағы әртістер сахнадан көрініп, шынайы бағасын алып жатса, суретшінің еңбегі көзге көрінгенімен өзі сахна сыртында қалып қояды. Осындайда сахна әртүрлі рең, түс беретін суретшіні бүкіл елге танылып, сахналық безендірулерін көрсетіп, Серік ағадай қаламгерді паш ету, біздің мақсатымыз.
Жұмысымның міндеті:
Қылқалам шерткен суретшіміз Серік Пірмахановтай адами қадір-қасиетін таразылап, келер ұрпаққа өнеге етіп және оның бүгінгі еңбегі ертеңгі қазақ өнері алтын әріппен жазылғаны рас. Өңер бақытын көрерменнің ыстық ықыласынан тапқан ұлттық театр өнерінің суретші серігі атанған Серік ағамыздың өнер әлемі сахнасындағы ойып тұрып орын алады. Көрерменің зейніне сана сыйлайды. Серік ағаның шығармашылығын зерттеу, талдау жасау бүгінгі ізбасарлары, мына біздің басты міндетіміз.
Серік ағамыздың айтуы бойынша, басқа суретшілер мен театр суретшілерінің ерекшеліктері бар. Тіпті оның атауы жөнінде талас та болды.
Бірі суретшіні суреткер деп атауды ұсынса, бірі сахнамен ғана айналысатын болғандықтан, сценограф деген атауды ұсынды. Яғни, сахнагер деп атауды дұрыс деп тапты. Сахнагер деп актерді де, суретшіні де айтуға болады. Сондықтан да сахна суретшісі деп атауға тоқталдық, - дейді.
Сахна суретшісі жан-жақты болуы қажет. Сахна суретшісі сәулет өнерінен де, киім үлгілерінен де хабары болуы керек. Актерлерге лайықты киім үлгілерін дайындағанда оқиғаның өтетін заманына сай болуын, жері, ортасы үй – жайына дейін білуі қажет. Суретші үшін сахна безендірудің өзі пьесаның репертуарға алынғанынан басталады. Яғни, бір данасы – режиссерге, бір данасы – суретшіге, бір данасы – актерлерге беріледі. Режиссер актерлермен жұмыс жасайды, ал суретші әуелі пьесаны толық оқып алып, соған өзі материал жинайды. Дайындалған материалдарды өз жерімізге, өз көрермендерімізге лайықтап жасау керек. Режиссердің пьесаны сахнаға қоярдағы мақсатымен де санасу керек. Бұл жердегі мақсат: пьеса қткен замандікі болғанымен, осы заманның өзекті мәселелерімен астасып жатуы керек.
Оның сахналық шешімін жасаған У.Шекспирдің «Король Лир», Г.Хухашвилидің «Өмір жолы», И.Эркеньнің «Сау басыма сақина», Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен Махаббат» қойылымдары Бүкілодақтық фестивальдерде лауреат болып, суретші С.Пірмаханов Одаққа танылды. Республикамызда өткен талай фестивальдерде «Ең үздік суретші» деген номинацияларға қол жеткізіп, қазақ театрының тарихында өзінің орнын ойып тұрып қалдырды. Исмайыл Құрымов сахналаған Мұстай Кәрімнің "Ай тұтылған түн", Мар Байджиевтің "Жекпе-жек" спектакльдері сол кездегі КСРО халықтарының шығармаларын сахналау талабына нақты жауап бере алды.Театрға 1971 жылы Тастан Өтебаев бас режиссер болып тағайындалып, Ғабит Мүсіреповтің "Ақан сері – Ақтоқты", Сайын Адамбековтің "Аюбайдың ажалы", Асқар Тоқмағамбетовтің "Тоқсан толғау", Сафуан Шәймерденовтің "Әнім сен едің", Мұхтар Әуезовтің "Еңлік – Кебек" трагедиясын қойды.Ол қойған грузин драматургі Георгий Хухашвилидің "Өмір жолы" пьесасы үшін Қызылорда театры алғаш рет бүкілодақтық фестивальдің дипломына ие болды. Бұған суретші Серік Пірмахановтың да қосқан үлесі зор. Ол өзінің көркемдік шешімін спектакль табиғатымен шебер үйлестіріп, режиссер ойын дөп басты.
II. Негізгі бөлім
1.Қаламгердің қойылым эскиздеріне қысқаша түсініктеме
Ғ.Мүсірепов. «Ақан сері – Ақтоқты» ( трагедия) - сахнада жан-жаққа арқанға керілген Құлагердің терісі.Тері ат әбзелдерімен безендірілген.Терінің әр бұрышы керілу арқылы оқиға орны өзгеріп отырады.Төрдегі «Жез табақ»-ай бірде төбеде,бірде көкжиекке түсіп,көңіл күйді білдірсе,Құлагер-Ақан өмір талқысына түседі.
С.Ахмад. «Келіндер көтерілісі» (комедия)-пьесаның негізгі тақырыбы-қатал енеге қарсы бостандық талап еткен келіндер «көтерілісі».Бұл қойылымның шешімі керісінше-ене мен келіндердің үйлесім табуы,ортақ отан үшін бір мақсатқа бірігу.Сахнада әр түсті жеті құс ұясы үнемі қозғалыста болады.Бұл жеті келіннің шартты түрі.Ортада үлкен сәкі.Оның үстінде үлкен ақ ұя тұр.Ол-қарашаңырақ үлкен үй.Ұяның асты тамылжыған жеміс-жидек береке символы.
Т.Әліпбай.«Исатайдың барында»(драма) - сахнада нарын құмының бір бөктері.Тасадан зеңбірек сұлбасы көрінеді.Сахна шымылдығына шаншылған қос найза – Махамбет пен Исатайдың образы.Финалда сахна көгінде алтын жебелер көтеріледі.Бұл Махамбет жырының шартты белгісі.
Ғ.Мүсірепов. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» (трагедия) – Қалың жылқы табыны,шабыс,құлақ тұндырар тұяқ дыбысы сахна төріне көтеріліп,күмбез бейнесіне айналады.Оқиға желісіне орай өзгеріске түсіп,заман тынысын,трагедия астарын ашуға ықпал етеді.
2.Серік ағаның марапаттары және жетістікке жету жолы.
- "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері ".
- "Ең үздік суретші" номинациясының иегері.
- " Венгерлік драмалық фестиваль " лауреаты.
- "Еңлікгүл" конкурсының үздік сценографы.
Жоғарыда аталған ондаған қойылым арқылы сатыланып барып биіктеп, классикалық туындыларға қадам басқан режиссер Хұсейін Теміровтің "Король Лир" спектаклі 1977 жылғы классикалық шығармалардың республикалық байқауында ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Осында суретші Серік Пірмаханов еңбегі ІІ-ші дәрежелі дипломды иеленді.
1981 жылы театр ұжымы Фридрих Шиллердің "Зұлымдық пен махаббат" трагедиясымен КСРО-дағы фестивалінде басты лауреаты деп танылды. Бұл атаққа Хұсейін Теміров пен суретші Серік Пірмаханов та ие болды. Мәскеуден келген театр сыншылары облыстық қазақ театрының классикалық шығарманы қоюдағы талпынысына, суретші мен режиссердің көркемдік шешімдеріне оң бағасын берді.
1990 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының, Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының мүшесі.
1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағын алды. Мәдениет саласындағы жұмысы үшін бірнеше рет республикалық және одақтық деңгейдегі дипломдармен, сондай-ақ "Астана" медалімен марапатталды.
Г.Хухашвилидің "Жизненныйпуть" спектаклі үшін Бүкілодақтық конкурстың дипломын алды, Ғ. Мүсіреповтің "Ақан сері-Ақтоқты" спектакліндегі көркемдік шешімі үшін республикалық конкурста үшінші орын алды.
2000 жылы Павлодарда өткен ҮІІІ фестивальда Д. Исабековтың "Аққу-Жібек" қойылымындағы көркемдік шешімі үшін "үздік сценографиясы" жүлдесінің иегері атанды.
Суретшінің басты еңбегінің бірі Ф. Шиллердің "Қайғы мен махаббат" трагедиясын безендіру болып табылады. Ол үшін суретші Бүкілодақтық ГДР драматургиясының фестиваліне ие болды.
2005 жылы В. Шекспирдің "Макбет" қойылымы бас жүлдені иеленді. Ж. Аймауытов пен Б. Майлин "Переполох" атты түрік халықтарының ҮІІІ театр фестивалінде бас жүлдегер атанды.
2010 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының "Еңлікгүл" сыйлығының бірінші иегері атанды.
III. Қорытынды.
Өмірінде қиыншылықтар да болған. «Еңбегің көзге көрініп, еленіп жатса, адам шабыттанып жұмыс істейді, - дейтін Серік аға. Ол кісі жеті мәрте рет «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген атаққа ұсынылған. Ең алғаш 1986 жылы ұсынылған. Сөйтіп, жеті рет нәтижесіз қала берген. Кейіннен, тіпті атаққа ұсынылмаған адамдар да атақ алып жатты. Міне, осындай жағдайлардан кейін қалай ренжімессің? Мәселе, ұсынылмаса жүре бересің ғой, ал ұсынылып қалып қоя бергенің екі есе соққы болады екен. Әрине, мәселе атақта емес, тек еңбегің елен
Хұсейін Әмір-Темір Серік аға екеуі театрдағы шығармашылық еңбекті де бірге бастаған. Алғаш рет Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян Сұлуын» сахнаға шығарған. Міне содан бері елу жылдай уақыт өтіпті.Серік ағаның қиялының ұшқырлығы сондай, сахналық шешімді күтпеген жерден, тың ойлармен ерекше қалыпта жасап,оның сахналық эскиздерін, әрбір спектакльдерге жасаған макеттерін көркемдік кеңес мүшелері таң қала отырып, суретшінің еңбегіне сүйсіне отырып қабылдайтын болған.1979 жылы Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясын Алматы қаласына гастрольдік сапармен баруға дайындық кезінде, қаламгер пьесаның адам күтпеген шешімін көрсеткен, суреткер «Ақан сері- Ақтоқтыны» Ақанның тұлпары Құлагердің тірідей сыпырылған терісімен қоюға шешім қабылдады. Бұрынғы спектакльдерден бөлек, бұл сахналық шешімді сол кездегі елорданың сыншылары да, белгілі театр қайраткерлері де екі түрлі көңілмен қабылдады. Пьеса авторы Ғабит Мүсірепов шын жүректен қабылдап, суретшіге ерекше қызметі үшін үлкен алғысын айтты.
Серік аға – ақкөңіл, әрі адал, сырлас дос бола алатын,ерекше адамдардың бірі деп ойлаймын. Қанша жылдар бойы үзеңгілес еңбек етіп, бірлесе отырып жасаған дүниелерімен бөлісіп, өмір ағымындағы қуанышты, қайғылы сәттерде де әріптестерінің жанынан табылатын кісі болды. Сыр суретшісінің қызметтік-шығармашылық ғұмыры Қызылорда театрының сахнасынан бастау алып, өмірінің соңына дейін осы театрдың жемісі мен жетістіктеріне ат салысып, куә болып өтіпті.Осындай қаламгерден мәңгілік айырылғанын әріптестері естігенде, оның ақжарқын бейнесі мен мейірімге толы жүзі көз алдарына келіп, енді оны көріп, онымен отырып сөйлесе алмайтындары, сонымен қатар спектакльдердің шешімін Серік ағамыздай үздік сценографсыз елестету барлығына қиын әрі ауыр болды.Сөзімді Серік Пірмахановтың «Еңбегі елен-беген өнер иесі - бағбан сияқты, бейнет қылып шыбық отырғызып, аялап, баптап, ол шыбық жылдар өтіп дарақ болады, гүлдейді, мәуелейді. Жемісі піскен шақта әлдекімдер жиып алып кеткендей», - деген сөзімен аяқтағым келеді.
Ұсынысым:
1. Серік Пірмаханов ағамызды зерттей келе, мен оның жеке шығармашылы-ғымен жақын танысып, өзіме көп мәліметтер алдым.
Қорыта айтсам, Сыр өңірінің қылқалам шеберіСерік ағадай түлғалардың еңбегі көзге түсіп, әлемдік деңгейде бағаланып, болашаққа ізгі мұра ретінде есте қалса деймін. Қазақстан тарихына ХХ-ХХІ ғ.ғ. өмір сүріп, еңбек еткен сурет өнерінің қайраткері, нар тұлға ретінде жазылып, аты аталса екен деймін.
2. Туған жері Қызылорда қаласында Серік ағаның атынан облыс әкімшілігі тарапынан көше берілсе деймін. Өмірлік жары Жамиля апамыздың да арманы осы. (Адам қайтыс болғанына үш жыл уақыт өткесін ғана рұқсат етіледі екен).
3. Сурет мектебі ашылып, Серік ағамыздың ізбасарлары көбейсе және сурет өнері насихатталса деп ойлаймын.
С.Пірмахановтың жүлде алған жұмыстары:
1.Ғ.Мүсірепов. «Ақан сері-Ақтоқты» - Республикалық байқаудың жүлдегері,
1979
2.В.Ш експир. «Король Лир»- Республикалық байқаудың жүлдегері, 1978
3.И.Эркень. «Сау басыма сақина» - Венгр драматургиясы фестивалінің лауреа-ты , 1978
4.Ф.Шиллер. «Зұлымдық пен махаббат» - Неміс драматургиясы фестивалінің
лауреаты 1980
5.М.Шолохов. «Көтерілген тың» - Аймақтық байқаудың жеңімпазы, 1980
6.Ш.Айтматов. «Алғашқы мұғалім» -Республикалық байқаудың жүлдегері,1980
7.Т.Әліпбай. «Исатайдың барында» - XI республикалық театр фестивалінің жүлдегері,2003
8.Д.Исабеков. «Аққу-Жібек»- VIII республикалық театр фестивалінің « Үздік сценография» жүлдесінің иегері ,2000
9.Б.Майлин,Ж.Аймауытов. «Аласапыран» -XII Республикалық театр фестивалінің және халықаралық «Наурыз» фестивалінің жүлдегері,2004
10.В.Шекспир. « Макбет»- XIII Республикалық театр фестивалінің
бас жүлдегері,2005
11.Иран-Ғайып. «Жалаңтөс Баһадүр» - Республикалық фестивальдің лауреаты, «Ең үздік сценограф» номинациясының иегері,2006
12. «Сорос- Қазақстан» қоры грантының жеңімпазы,2001
13.Таупық Әл-Хакім. «Сұлтанның сасқаны –ай»-XVI Республикалық фестивалінің жүлдегері,2008
С. Пірмаханов көркемдеп сахналаған қойылымдар:
1.М.Әуезов. «Қарақыпшақ Қобыланды» - реж. М.Байсеркенов(1967)
2.Ғ.Мүсірепов. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-реж. Х.Теміров (1968)
3.Қ.Мұхамеджанов. «Жат елде»- реж. Т.Доспаев(1969)
4.Б.Тәжібаев. «Батақтың Сарысы»-реж.М.Байсеркенов(1970)
5.М.Хасенов. «Тағы да махаббат туралы»-реж.Т.Тұңғышбаев(1971)
6.З.Жақыпов,Сәрсеков. «Бажалар мен балдыздар»-реж. Т.Тұңғышбаев(1970)
7.Г.Нахуцрашвили,Н.Гамрекили. «Кикила туралы ертегі» -реж.Х.Теміров(1971)
8.Ғ.Мүсірепов. «Ақан сері –Ақтоқты»-реж.Т.Өтебаев(1972)
9.Ш.Хұсаинов, О.Бодықов. «Әл-Фараби»-реж.Ж.Есембеков(1970)
10.С.Адамбеков. «Аюбайдың ажалы»- реж.Т.Өтебаев(1972)
11.Г.Хухашвили. «Өмір жолы» - реж. Т.Өтебаев(1973)
12.А.Тоқмағамбетов. «Тоқсан толғау»- реж.Т.Өтебаев(1973)
13.О.Бодықов. «Нартай-реж. Х.Теміров(1974)
14.А.П.Чехов «Апалы-сіңлілі үш қыз»- реж.Х.Теміров(1982)
15.К.Андерсен «Жеті лақ пен қасқыр-реж.Е.Оразымбетов(1994)
16.В.Шекспир «Дуалы түнгі думан»- реж.Е.Оразымбетов(1994)
17.М.Шолохов «Көтерілген тың»-Шымкент облыстық драма театры
18.Б.Брехт «Кавказдың бор шеңбері»-реж.Е.Оразымбетов(1996)
19.В.Шекспир «Король Лир»-реж.Х.Теміров(1978)
20.М.Әуезов «Айман-Шолпан»-Жетісай драма театры
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Пірмаханов С. «Қылқалам шерткен жыр ғалам» Алматы 2009ж.
«Арна» баспасы.
2. «Қазақстанның эңциклопедиясы» Алматы 2012ж.
3. Буклет «Н.Бекежанов қазақ музыкалық драма театры».
4. Спектакльдерге буклеттер:
«Адам болып өтейін» /драма/,
«Қысылғаннан қыз болдық» /музыкалықкомедия/,
«Макбет» /трагедия/, т.б.
Сілтемелер:
1.|kitapkhana.kz|
2.|sputniknews.kz|
3.|Zhalagash-kitap.kz
4.|syrboyi.kz
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру