Кеңес Одағының батыры, Еңбекшіқазақ ауданының тумасы - Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнесі, батырлық тұлғасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КІШІ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

МАЛАЯ АКАДЕМИЯ НАУК РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

КҒА

МАН ASY

Оқу орны: Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі

Орындаған: Мұратжанқызы Гүлмина, 302-топ

Тақырыбы: Кеңес Одағының батыры, Еңбекшіқазақ ауданының тумасы - Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнесі, батырлық тұлғасы.

Секциясы: Тарих

Ғылыми жетекшісі: А. Б. Айтбекова

«Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық

дамудағы қадамы»

тақырыбындағы аймақтық ғылыми – тәжірибелік конференциясы

Талғар қаласы – 28.2015ж.

Тақырыбы: Кеңес Одағының Батыры, Еңбекшіқазақ ауданының тумасы - Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнесі, батырлық тұлғасы.

Мұратжанқызы Гүлмина, 302-топ

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі, Есік қаласы

Жетекшісі: Айтбекова А. Б.

 

Мақсаты: Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерей тойы қарсаңында Ұлы Отан соғысы кезінде өзінің елі, жері үшін аянбай ерлік көрсеткен Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Кеңес Одағының батыры - Рақымжан Тоқатаев туралы мәлімет беру, өшпес ерліктерін уағыздау жолында зерттеу жұмыстарын жүргізу.Міндеттері:

1. Рақымжан Тоқатаев жайындағы ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.

2. Ұлы Отан соғысы кезінде жеңіске қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың бірі Рақымжан Тоқатаевтың өшпес ерліктерін жаңғырту.

3. Халқымыздың біртуар азаматы жайында жан – жақты зерттеп, тарихқа беймәлім жақтарын ашу.

Өзектілігі: Рақымжан Тоқатаев – ғасырлар өтсе де, заман өзгерсе де өзі өмір сүрген заманы мен өмірінде еңбек етуден тынбаған, сол арқылы халыққа қызмет етуден жалықпаған бірден - бір тұлға екендігі жан-жақты дәлелдемелер арқылы ашылды. Оның кейінгі ұрпаққа қалдырған ізгі істері өз күшін жойған жоқ. Сондықтан, Рақымжан атамыздың ісін үлгі ету, сол арқылы адамгершілік рухы жоғары жас ұрпақты тәрбиелеу.

Болжамы: Рақымжан Тоқатаевтың ерліктерін зерттей отырып, оның өз заманында қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келесі таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады.

Зерттеу әдісі: Рақымжан Тоқатаевтың мұражайына экскурсия жасау, туысқандарынан материалдар іздестіру, кітаптарды оқып материал  жинау, фильмін қарастыру, жүйелеп жинақтау. Зерттеуге негіз болған материалдар:Туған туыстарының Р. Тоқатаев туралы білетін мәліметтері, баспасөз материалдары, отбасылық архивінен алынған құжаттар.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, зерттеу бөлімінен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер және қосымша тізімінен тұрады.  

Баяндама (Тезис)

Бұл жұмыс өлкеміздің тарихта аты қалған тұлғаларын дәріптеуге арналған. Соның ішінде ХХ ғасырдың алапат соғысы Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Ұлы Отан соғысы болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтардың қолдарына қару бермей, ауыр тыл жұмыстарына алса, Ұлы отан соғысы кезінде Қазақстандықтар қолдарына қару алып бір кісідей майданға барып, Отан қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге арзанға түспегені әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кеткені баршаға аян.Сол Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен өзіміздің жерлесіміз Рақымжан Тоқатаев атамыздың халық білмейтін тұстарын әр жас ұрпақ білуі тиіс. Сондықтан зерттеу жұмыс барысында осы адамның өмірі мен қызметіне шолу жасалды. Тоқатаев фашистердің төбесіне оқ пен от ойната жүріп Бердычев, Винница, Чертков, Дороговичи, Самбор, Санок, Мукачев, Ужгород қалалары мен қоса Чехословакия жеріндегі Михаловск, Кишица, Зару деген қалаларды неміс басқыншыларынан азат етті. Кеңес Одағының Батыры Рақымжан Тоқатаевтың ерлігі мен мергендігі жайында «Сталинское знамя» атты майдан газеті бұл оқиға туралы 1945 жылы осылай жазған: Н... елді мекен маңайында болған біздің бөлімге, тіпті бүкіл әскери құрамында танымал болды. Сержант Рақымжан Тоқатаев танкке қарсы 76 мм зеңбіректің жетекшісі, жауынгерлік ерлік көрсетіп, бір ұрыста 13 неміс танкісін атып жойды.». 1946 жылы қаңтарда әскер қатарынан босап, Қаракемер ауылындағы Киров атындағы орта мектепте мұғалімдік қызметін жалғастырды. 1946 жылы тамызда Алматыдағы Абай атындағы пединститутында оқуға түсіп, 1950 жылы бітірді. 1950 – 1988 жылдары аралығында Есік қаласындағы Малькеев атындағы мектеп интернатында мұғалім, директор қызметтерін атқарған. Мен туған өлкемізде осындай батыр рухты қазақтың бар болғанын мақтан етемін. Ерен еріміздің ерлігін бағалап Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сонымен қатар Есік қаласында көше аты және Есіктегі қазақ мектебіне Рақымжан Тоқатаевтың есімі берілді. Мұның өзі көңілге қуаныш ұялатады. Қазақстан тарихы беттерінен лайықты орын алып, тіпті деректі фильм түсірілсе де , бірақ мұның беймәлім жақтары көп. Осы деректер менің қызығушылығымды оятады. Өйткені «Атаға қарап ұл өсер» дегендей жас ұрпақ аға буынға қарап сап түзейді емес пе?

Қорытынды: Сөз соңында айтарым, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау» деген. Сондықтан да менің жұмысымның түпкі мәні - осы.

Мазмұны

Жоспар

1 Кіріспе........................................................................................................................4 - 5

2. Зерттеу бөлімі.........................................................................................................5 - 24

2. 1. Рақымжан Тоқатаев жайындағы ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау...........5 - 7

2.2. Ұлы Отан соғысы кезінде жеңіске қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың бірі

Рақымжан Тоқатаевтың өшпес ерліктерін жаңғырту.................................................8 - 15

2. 3. Халқымыздың біртуар азаматы жайында жан – жақты зерттеп, тарихқа беймәлім

жақтарын ашу..............................................................................................................16 - 24

3. Қорытынды...............................................................................................................25

4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................................26

КІРІСПЕ

«Бүгінгі күнді түсініп - түйсіну үшін де,

болашақтың дидарын көзге елестету үшінде

кейінгі кезеңге көз жіберуіміз керек».

Н. Ә. Назарбаев

Осыдан 70 жыл бұрын адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын.

Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы

мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық!

Соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес. Ерлікпен шайқасып лайықты бағасын алғандар да бар. Мысалы, жерлесіміз Еңбекшіқазақ ауданының, Қаракемер ауылының тумасы Рақымжан Тоқатаев атамыздың халық біле бермейтін, ашылмай жатқан ақиқаттарын, ашып анықтау белгісіз болып жатқан жайттарды тауып

елге таныту, бүгінгі ұрпақ, біздің, қасиетті парызымыз.

Біздің бүгінгі сөз ететін тұлғамыз Рақымжан Тоқатаев атамыз жайында болмақ. Оның есімі кешегі қанды қырғын соғыстағы жеңіс тарихымен біте қайнасып жатыр. Жеңіс күнін жақындатуға жол салған десе де болады. Жұмысымның көкейкестілігі өзінің елі үшін, ағаларының кегі үшін жаудан қаймықпай ерлік көрсеткен Рақымжан Тоқатаев өмірінің кейбір қырларынан кейінгі ұрпаққа мағлұмат беру.

-4-

І – тарау. Рақымжан Тоқатаев жайындағы ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.

Жоңғар Алатауының бөктерінде, Түрген өзенінің бойынан орын тепкен Қаракемер ауылы бар. Ондай шағын ауыл Қазақстан бойынша қаншама! Әр ауылдың өзіне тән, өзіне лайық тарихы болады. Ал, Алматы аймағындағы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемерінің тарихы басқалардан ерекше, әсте ұқсамайды.

 Жоңғар қалмақтары Жетісу өлкесін жаулап алған тұста олардың бір тобы Түрген аймағына келіп қоныстанады. Әкелері қалдырып кеткендей – ақ шұрайлы жерлеріне иелік етіп, жергілікті қазақтарға үстемдік жүргізеді. Олардың қырып – жойған лаңынан қазақтар ақтабан – шұбырындыға ұшырап тоз – тозы шығады. Елім, жерім деген қазақ елінің – Райымбек, Қарасай, Малай, Наурызбай, Әжібай, Бөлек сынды батырлары қалмақтарға күйрете соққы беріп, еліне бостандық әпереді.

 Түрген аймағындағы Шөладыр жотасының бөктеріне келіп қоныстанған әлгі қалмақтар, ол жерден қуылған кезде, аңдары өріп, құстары сайрап, орман – баққа бөгіп тұрған Шөладыр етегін өртеп кетеді. Соның салдарынан бірнеше жылдар бойы ол жерге көк шықпай қара күйік боп жатады. Соны көрген халық Шөладыр етегін «Қаракемер» деп атап кеткен. Осы Алатаудың баурайындағы шағын ауылда 1923 жылы қаңтар айының 5 –жұлдызында Рақымжан Тоқатайұлы дүниеге келген. Өзінің балалық шағын осында өткізген.

 Асқар Алатаудың баурайында орналасқан ауылдардың бірі – Қаракемер. Шағын ауыл. Бірін бірі қиып өтетін үш – төрт көше ғана. Тұрғындары қарапайым, кең – қолтық қазақтар. Бұл ауыл адамдары да мал бағып, егін егетін. Шаруашылықтағы басты бағыт – темекі өсіру. Күзде жапырақтарын жиып, кептіріп сығымдайды да тиісті жерлерге өткізіп жатады.

 Қаракемердегі бастауыш мектепті бітірген Рақымжан енді қайда барып оқитыны жайында әңгіме болды. Жесір ананы аяған көрші-қолаңдары:

  • Оқымай – ақ қойсаң да. Қолқанат боп қасыңда жүргені жөн болар, деген еді.
  •  Жоқ, қатарынан қалмай оқуын бітіріп алсын. Білім алғанның зияны жоқ қой. Құлыным ел қатарлы оқып, адам қатарына қосылса... Күнімді көрермін. Өле қоймаспын, - деген анасы ұлын Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласындағы интернат пансионға жатқызып, жаңадан ашылған Молотов атындағы қазақ орта мектебіне оқуға береді.

Сегізінші класты ойдағыдай бітірген Рақымжанға ақылын айтқан жездесі Адамбай оны Қаракемердегі рабфакқа жетеледі. Оған рабфактың директоры көнер емес.

  •  Адеке – ау, бала жас қой. Ең болмаса дөңкиіп денесі көзге түсіп те тұрған жоқ. Мұнда оқып жүргендерді қараңызшы, зіңгіттей – зіңгіттей жігіттер. Алдылары қырыққа таяп қалғандар. Балаға обал жасамайық, - деп алыстатады.
  •  Қадеке, онда тұрған не бар. Молотов атындағы мектептің мұғалімдерінің айтуына қарағанда математика мен физика пәндерінен алдына жан салмайтын көрінеді. Математика факультетіне алыңыз. Оқытып алайық, - деп қолқа салып қиылады.

Көңіл қимас құрбысы Адамбайдың сөзін жықпаған рабфак директоры Қадекең Рақымжанды апарып екінші курсына отырғызды.

 Төрт жылдай Есікте оқып қол үзіп қалған ауылдағы құрбыларымен Рақымжан ойын – сауық құрып, сырласуын молайтса, ертелі – кеш үйдегі малдарға қарап қолқабыс тигізгені, жұмыстан шаршап келетін анасына да көп жеңілдік жасады.

 Рабфактың үшінші курсында оқып жүрген кез. Бейбіт жатқан совет елінің батыс шекарасын бұзып - жарып неміс фашистері кіргенін естіп келген рабфактың директоры, жүріп жатқан сабақты тоқтата қойып, мұғалімдер мен оқушыларды аулаға жиып алды да, неміс фашистерінің өткен түні шекараны бұзып кіріп, соғыс жариялағанын қинала тұрып айтты. Көп кешікпей қаһарман Совет әскерлері жауыздарға күйрете соққы беріп, олардың көздерін жоятыны, содан бейбітшілік қайта орнайтынын сендіре сөйледі. Асып – саспай, берекені қашырмай сабақтарын оқи берулерін өтінді. Жиылған қауым өзара гуілдесіп,

 -5-

 қабақтары түйіліп кетті. Орындарына тарасты. Ол күні жөнімен сабақ жүрмеді. Бар әңгіме: «Енді не болар екен?.. Қандай күн туар екен?..» деген сұрақтардың төңірегінде болды.

ІІ – тарау. Ұлы Отан соғысы кезінде жеңіске қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың бірі Рақымжан Тоқатаевтың өшпес ерліктерін жаңғырту.

 Соғыс!.. Ия, соғыс десе қай жанның болмасын жүрегі зірк ете қалады. Соғыс!.. Соғыс деген өзінен өзі, жоқтан пайда болмайды.

 Жиырмасыншы ғасырдың ең бір жойқын соғысы – екінші дүниежүзілік соғыс болса, дүние әлемін күйдірмек боп жалындаған оның оты, 1941 жылы маусым айының 23 – нен, 24 – не қараған түні, таңға жуық бейбарақат жатқан Совет еліне де келіп жетті.

 «Соғыс!.. Фашистер елімізді жаулап алмақ болып жерімізге басып кіріпті» деген хабар бүкіл Совет халқын дүр сілкіндіріп жіберді. Ел боп етек – жеңдерін жиып, бір кісідей жұмылып әлдеқандай ауыр күндерге даярлана бастады. Ел арасынан соғысқа сұранып, аттана бастаған жаужүрек, елім деп еңіреген ерлер де баршылық екен.....

Неміс – фашистермен айқасқан қан – майдан жақын – жуықта аяқталар емес. Олардың қарқыны жаман. «Совет елінің астанасы Мәскеуді де алатын күн таяп қалды..» деп желпінген олар жемтігіне ұмтылған жыртқыштай тоқтаусыз алға жылжып келеді.

Қаркемердегі аяулы ауыл азаматтарының көбісі қан майданға кетіп, азы қалды. «Отан қорғауда ерлікпен қаза тапты» деген суық хабар да сумаңдап Қаракемерге келуін көбейтті. Зар жылаған жан ұялар....

Рақымжанды әскерге шақыру қағазы келгенде анасы жаман састы........................

ІІІ – тарау. Халқымыздың біртуар азаматы жайында жан – жақты зерттеп, тарихқа беймәлім жақтарын ашу.

Товарный вагондарға отырған жауынгерлер Түркістаннан өтіп Аралға жетеді. Одан

Орал, Саратов қаласына келеді. Одан күні – түні тоқтаусыз жүріп отырып, бір ашық алаңға келіп тоқтайды. Пәрмен беріліп, вагондардан жауынгерлердің бәрі түседі. Бұларды қалдырған паровоз айғайын сап әрі қарай кете барды.

«Қай жерге кеп тоқтадық?» деген жауынгерлер бір бірінен сұрап, айнала –

төңірекке көз тоқтады. Жуық арада еш бір ауыл көрінбейді. Айнала сай – сала, шағын төбелер. Қаулап өсіп тұрған аласа бойлы ағаштар. Воронеж облысына келіп тоқтағандарын кейін білді...........................

Қорытынды

 Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерей тойы қарсаңында Ұлы Отан соғысы кезінде өзінің елі, жері үшін аянбай ерлік көрсеткен Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Кеңес Одағының батыры –Рақымжан Тоқатаев туралы мәлімет беріп, өшпес ерліктерін уағыздау жолында зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Азаматтық бойындағы асыл қасиеттердің бәрін кен қазғандай жарқыратып ашып бердім деп айта алмаймын. Әйтсе де өзімнің шамам келгенше ел қадірлісі Рақымжан атаның өмір жолында шыққан төбесі қанша биік болса, сол биікке талмай басқыш қойып, өнегелі істерін ашуға тырыстым.

Қазақстан тарихы беттерінен лайықты орын алып, тіпті деректі фильм түсірілсе де , бірақ мұның беймәлім жақтары көп. Осы деректер менің қызығушылығымды оятады. Өйткені «Атаға қарап ұл өсер» дегендей жас ұрпақ аға буынға қарап сап түзейді емес пе?

 Біздің құрметіміз бен марапатымыздың белгісі – олардың ұлт алдындағы еңбектерін бағалау, оны ұрпақтың рухани уызына айналдыру. Бұл – өзіміздің ұлттық санамызды қалыптастыру, ел алдындағы перзенттік парызымызды орындау, кейінгі ұрпаққа рухани ұлағат болмақ. Басты міндет Қазақстанды алдыңғы елдердің қатарына қосып, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына үлес қосу. Тарихқа тағзым, өткенге ғибадат – Отанға, туған жерге деген құрмет. Аталарымыздың ұлы жолдағы арқалаған аманат жүгінің, халқына жасаған қайырымды ісінің жалғастырушысы – Сіздер мен Біздер.

Адамзат өмірі мәңгілік, саналы ғұмыры, істеген ұлы істері ұрпағынан – ұрпағына үлгі болып жалғаса бермек.

 Сөз соңында айтарым, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау» деген. Сондықтан да менің жұмысымның түпкі мәні - осы.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Алматы ақшамы «Рақымжан Тоқатаев». 06. 11. 2011ж
  • «Жас Өркен» ЖШС/ Ұлан . 11. 05. 2014ж
  • «Ел мен Ердің жеңісі» Алматы «Қазақстан»
  • Сағадат Сәлімбаев «Батырлар ұрпағы» хикаяттар. Алматы – 1998
  • https://ru.wikipedia.org/wiki/ Токатаев,_Рахимжан_Токатаевич
  • http://zhetysutv.kz/news/ «Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылында

Жеңіс күніне орай мәдениет үйі ашылды» 1183.

«Естелік кітабы» табысталды. 12.05.10

  • Тәуірбек Сұртаев «Отан деп соққан жүрек». Алматы «Қазақстан»1989
  • 1985Kazinform халықаралық ақпараттық агенттігі «Ұлы Жеңістің 65 жылдығын қарсы алғанымды үлкен бақыт деп санаймын - Кеңес Одағының Батыры

Рақымжан Тоқатаев» 07. 05. 2010 ж

  • «Өшпес даңқ» Алматы «Жазушы» 1985
  • Еңбекшіқазақ газеті «Қаракемерлік қос қыран» 09. 05. 2014
  • Еңбекшіқазақ газеті «Арқалы өңірдің арланы еді» 26. 05. 2006
  • «Жау танкісін жойған батыр» 26. 04. 2010
  • Р. Тоқатаевтың күнделігі. 10. 05. 1945
  • Еңбекшіқазақ газеті «Батырлардың батыры» 09. 05. 2013
  • Еңбекшіқазақ газеті «Анаға хат» 17. 01. 2003
  • Р. Тоқатаевтың күнделігі. 8. 11. 1944
  • Еңбекшіқазақ газеті «Кеңес Одағының батыры Рақымжан Тоқатаев 80 жаста »

07. 02. 2003

  • Сағадат Сәлімбаев «Батырлар ұрпағы» хикаяттар. Алматы – 1998
  • Еңбекшіқазақ газеті «Ұмытылмас ұлы есім» 27. 01. 2012

-26-

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу