Әдет туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 18
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 14
Нақыл сөздер: 22
Әңгімелер: 5
Шығармалар: 1

Адамдар бір-біріне құрметпен және өзара жанашырлықпен қарауды… т.б. пайдалы амалдарды әдетке айналдыру керек, сондықтан мен өз өмірінде зиянды..
©  Нарша Булгакбаев
Көбіміз жаман ойлауға әдеттеніп қалғанбыз және оны женбек тұрмақ қалай күресуді білмеуіміз мүмкін. Жаман ойдан қашу үшін неше түрлі амалдар жасаймыз...
©  Нарша Булгакбаев
Өзгертпе істің ағысын,Әдет деген – мығым елдер намысы.
©  Александр Пушкин
Бұйырды әдет биіктен,Бақыттай бізді сүйінткен.
©  Александр Пушкин
Егер өміріңіз үйлесімділікке құрылғанын қаласаңыз, мына әдетті қалыптастырыңыз: Жұмыс пен демалыс бір-бірімен тығыз байланысты болуы керек. Егер сіз..
©  Арман Тосқанбаев
Адам бойына жаман әдеттерді үйір қылса ол денсаулығынан айырылып қана қоймай, отбасына, қоғамға үлкен зиян келтіреді.
©  Естеу ЖҮНІС
Үндемей жүруді әдетке айалдыр, өзіңмен сөйлес...сенің досың ішіңде жатыр...
©  Нұрхалық Абдырақын
Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Бата алуды әдетке айналдыр.
©  Нұрхалық Абдырақын
Азанда орныңнан тұрғанда «менің біреуді ренжітумнен, біреудің мені ренжітуінен Алла Өзің сақта деп бет сипауды» ұмытпа. Әдетке айналдыр.
©  Нұрхалық Абдырақын
Азанда жүйке жүйесі мен қан тамырларын ұйқыдан оятатын жарты сағаттық таңғы жаттығуды жасауды күнделікті әдет қыл.
©  Нұрхалық Абдырақын
Өзiңдi әр қадам сайын тоқтата бiлу керек, және бұл әдетке айналғаны жөн. Өзiн тоқтата бiлмейтiн адам тежегiшсiз машина сияқты.
©  Антон Макаренко
Жаман әдет жұқпалы деген рас… 
©  Бердібек Соқпақбаев
Әдет – екінші натура, ол бізге біріншіні тануға кедергі жасайды, біріншіде зұлымдық та, қуаныш та бар, ол екіншіге жат. 
©  Марсель Пруст
Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады,Әдетің - мінезіңе айналады.Мінезің - сенің тағдырың. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Нәпсі, өзімшілдік пен мақтан шексіз көп жаман әдеттер туғызады. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Темекіні тастау ең оңай іс, өз басым 30 рет тастаған шығармын 
©  Марк Твен
Бірнәрсені енді жасамаймын деп уәде берсем болды, сол нәрсені жасағым келеді де тұрады 
©  Марк Твен
Біз ескі әдетімізді сүйеміз, сүюіміз дәлелсіз емес. Құрметтейміз, құрметіміз орыныз емес. Себебі, әдебиетімізде өзге жұрттың әдебиетінде жоқ нәрселер..
©  Мұхтар Әуезов
Әдеттегідей дәруменімді қабылдаймын, үнемі бір музыка ойнап тұрады, мен бәз-баяғы орнымда, қағаз да әрдайым сол жерде... осындай біртектес..
©  Стивен Кинг
Адам мінезі деп – мен оның моральдық әдеттерінің жиынтығын айтамын.
©  Стендаль Фредерик
Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
©  Серке Қожамқұлов