Мінез туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 7
Мақал-мәтелдер: 33
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 141
Нақыл сөздер: 97
Туындылар: 35
Әңгімелер: 11
Шығармалар: 4
Эсселер: 3

Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі.Тұрпайы мінез, жат қылық – надандықтың белгісі
©  Самет Оқанұлы
Мысықтың мəулені мияулап туар.Бұл мақал мінез-құлқы əкесіне аумай тартқан балаларға арнап айтылады
©  Түркі халықтары
Құдай да құлқынға қарап ауру береді. 
Қыз мінезді келсін
Мінез-құлық туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер
Жалтақтық пен жалпақшешейлікті суқаным сүймейді.Нұрсұлтан НазарбаевҚызғаныш - құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты.Мұхтар ӘуезовҚарада да қара..
Адамның мінезі әр түрлі,
Ел біледі нарқыңды.
©  Кенен Әзірбаев
Сақ адам - сандығын бекітеді. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Бақыттың да басы айналар кез келер,
Мінезі айнып, құлқы сонда өзгерер.
Балаларға өнер білім берілсін,
Сұлу мінез әр өнермен өрілсін.
Адамды екі нәрсе қартайтпайды:
Бірі — жақсы мінез,
Екіншісі — жақсы сөз.
Жақсы мінез – сүйінтер,
Жаман мінез – күйінтер.
Бірі – от та,
Бірі – су,
Қиын болар ұғысу.
Қызы мінезді келсін,
Ұлы өнерлі келсін.
Әдептілік ар-ұят -
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы, жат -
Надандықтың белгісі.
Дене дерті өзіңді, мінез дерті басқаны қинайды.
Қисық ағашқа тез, қисық мінезге сын бар.
Жат мінезді адамнан
Жаныңдағы ит артық.
Ауру кетеді, мінез кетпейді.
Қыз мінезді келсін,
Ұл өнерлі келсін.
Көңілім келсе – көлдеймін,
Көңілім келмесе – шөлдеймін.
Адам жылқы мінезді.
Қасқыр мен ұры мінездес:
Екеуі де түнді аңдиды.
Бұлбұл мен гүл мінездес:
Екеуі де күнді аңдиды.
Жолбарыс жұлқынса,
Жонынан от шығады.
Бөрі арығын білдірмес,
Итке сыртын қампайтар.
Ер еруде бала мінезді,
Ер сайыста шала мінезді.